2.2 Фразеологиялық концептілер Əрине, ғылымдағы əр жаңа қадам жаңа ғылыми терминологияны
тым болмаса, бұрынғы атауларды қайта қарастыруды талап етеді. Бұл
ретте орыс тіл білімінде когнитивизмнің айтарлықтай нəтижесі бар.
Е.С.Кубрякова. «Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігі» (1996)
бастап, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, Н.Ф.Алефиренко т.б. еңбектерін
айтамыз.
Мəселен, философиялық анықтама байынша, «концепт» – жал-
пы ұғым, мағына. Ал «ұғым, мағына» – ойлау категориялары ретінде
логикалық термин. Сондықтан да «концепт», «ұғым», «мағына» термин-
дерін бірде тұтас, бірде бөлек қарастырады. Алайда айырым белгілерін
жоққа шығармайды. Дүниені, шындықты адам санасының қабылдауы
тек ұғымның айналасында қалып қоймайды.
«Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (заттың бей-
несі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді дегенге ат, мін =, жал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған
сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр» [Уəли, 2007: 44].
Мысалы, Ана сөзі ұғым бойынша – шеше. (Ананың ақ сүтін ақтау). Бұл адамдардың бəрі білетін ең негізгі басты сипаты. Бірақ бұл ұғыммен
қатар Ана туралы басқа да түсініктер бар. Мəселен, Анаға қатысты
тілімізде бағалауыштық, коннотативтік бірліктер, мақал-мəтелдер,
фразеологиялық тіркестер, нақыл сөздер мен афоризмдер қалыптасқан.
(«Ананың көзі – балада, баланың көзі – далада»; «Анаңды Меккеге үш
рет жаяу апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың» «Анасын көріп, қызын ал»;
Ақ жаулық»; «Ел анасы»;) Демек, Ана ұғымын тереңдететін, нақтылай
түсетін, жан-жақты сипаттайтын басқа қосымша мəнді, қажетті мəдени
мағлұматтар арқылы менталдық деректер жинақталған. Бұларды са-