Монография «Елтаным баспасы»


сипаттау жəне компоненттік талдау



Pdf көрінісі
бет45/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   193
Байланысты:
Verstka

сипаттау жəне компоненттік талдау сияқты дəстүрлі семантикалық 
талдауға  негізделеді. Мəселен, талданатын концепт алдымен оның 
семантикалық құрылымын талдау  арқылы жүзеге асырылады. Кон-
цептіні толық тарата  талдау  үшін дискурстық түрлі шарттарға бай-
ланысты  фразеосемантикалық  өріс,  фразеосемантикалық  топтар, 
фразеологиялық синонимдер қоса қарастырылады.
Қазіргі білім парадигмалары гуманитарлық ғылымдардың зертте-
лу аясын когнитологияның принциптері бойынша жан-жақты, терең 
қарастыруға кеңінен мүмкіндік берді. Бұл ретте пəн аралық кешенді 
зерттеу үлгілерімен фразеология саласына да жаңа проблемаларды
лингвомəдениеттаным, психолингвистика, пргамалингвистика, когнитив-
тік лингвистика тұрғысынан қарастыруды жолға қойды. Тіл – адамның 
күрделі  таным əрекетінің нəтижесі  болғандықтан,  бұл бағыттардың 
барлығы  антропоцентрлік зерттеу  нысанына  айналғандығының бел-
гісі.
Когнитивистика – адамның тілдік ақпаратты алу, сақтау, қайта өңдеу, 
пайдалану туралы ғылым. 
Лингвистикалық пəндер арасында когнитологияның аса белсен-
ді жəне жан-жақты дамуының арқасында, фразеологияда,  əсіресе, 
экстралингвистикалық ақпараттарды қарастыруға ден қойды. 
Қазіргі тіл біліміндегі жаңа категориялардың бірі – «əлем бейнесінің 
тілдегі ұғымы жəне концептуалдық талдау». Бұл мəселе қысқа мерзім-
де зерттеліп бітетін сала емес, уақытты қажет етеді. Өйткені осы күнге 
дейін зерттеу нысаны болған фразеология мен лексикологияның дəстүрлі 


50
аспектілері когнитивтік талдау нəтижесінде филология саласы үшін жаңа 
ізденістер мен тың тұжырымдар жасауды міндеттейді. 
Зерттеудің  лексикографиялық  сипаттау,  тарихи-салыстырмалы, 
құрылымдық-семантикалық,  стилистикалық  т.б.  лингвистикалық 
əдіс-тəсілдері негізінде жасалған теориялық жаңа тұжырымдар тілдік 
жағдаяттардың қазақстандық тілтаным кеңістігінде əлі жеткілісіздігін 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет