57
ды, адамды тілі арқылы тану, білу, зерделеу оның этноментальдық
өмірінен толық ақпарат береді.
Тілдік ұжым мүшелерінің таным-білімі өркениет пен мəдениеттің əр
түрлі кезеңдерінен өткен сайын ақиқат дүниені тек логикалық-позитив-
тік қана емес, этикалық-моральдық, ментальдық тұрғыдан да таныта
алады. Əлем бейнесін тіл арқылы бейнелеуде концепт ретінде танылған
ұғыммен мағыналық байланыста тұратын фразеологизмдердің маңызы
ерекше.
Фразеологиялық мағына мен концептінің арақатынасы туралы
Н.Ф.Алефиренко: «фразеологиялық мағына жасауға қатысатындар: ког-
нитивтік негіз ретінде қызмет ететін заттар мен құбылыстар, шындық
өмір оқиғалары, жалпы адамзаттық қабылдау үлгісімен «қарабайыр се-
мантика» арқылы қалыптасқан «
əмбебап-концептілер» жəне əлемдік
əлеуметтік-психологияны бейнелейтін түрлі ұлт тілдеріне тəн – «
ерек-
ше-концептілер» дейді. Автор фразеологиялық тұлғаларға когнитивтік
негіз болатын паремиялар мен афоризмдерді де қосады [2004:132-133].
Бұл арада жалпы адамдарға тəн ортақ қабылдау «
əмбебап-концептілерді»,
ал жеке ұлтқа тəн қабылдау үлгісі «
ерекше-концептілерді» құрайтынын
айтып отыр.
Фразеологизмдерде адамдардың күн көру, мəдени өмір салты ғана
емес, халықтың тұтастай ұлттық ерекшеліктерінің көрінетіндігі ешбір
күмəн тудырмайды. Сондықтанда фразеологиялық концептілердегі
мұндай айырықша сипаттар зерттеушілер
«əлемнің фразеологиялық
Достарыңызбен бөлісу: