Тас түлек . (Тас сөзі мұнда күшейткіш мəнде айтылған). І. Кеңесбаев
«төрт жасар қыран құс» деп түсіндіреді [ҚТФС,1977, 496].
Мысалы:
• Ол қазір өткен күздегі үрпиген тірнек емес, балғын, ерекше саңлақ құс болып алған бұл күндерде. Томағасын алусыз күйінің
89
өзінде топқа түсер балуандай тік отыр... Осы тас түлекке көз алмай қараушылардың ішінен, қыжырайған қара шал Шəймерден: «Шіркіннің сергегін қарашы» – деседі (Ə.К.). • Əуеде аңсыраған тас түлек жоғарыдан төне түскенде, қатты бір шошып жосыла жөнеліскен еліктер белден аса бере оны мүлдем естен шығарған екен (Ə.Кекілбаев).