Қазақстан республикасының Президенті жанындағы
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стра-
тегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен құрылған. 2014 жыл-
дың сәуір айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
Институт Астана қаласына көшірілді. 2018 жылы Институт өзінің 25 жыл-
дық мерейтойын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стра-
тегиялық зерттеулер институтының құрылған күнінен бастап оның негіз-
гі мақсаты – Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының
стратегиялық аспектілерін аналитикалық қамтамасыз ету.
ҚСЗИ кəсіби ғылыми-талдау орталығы болып табылады. 2018 жыл-
дың қорытындысына сәйкес Пенсильвания университетінің «Global Go
To Think Tank Index Report» дүниежүзілік зерттеу және талдау орталықта-
рының негізгі рейтингі бойынша ҚСЗИ әлемнің 8162 «ақыл орталықтары»
арасынан 142 орынды иемденіп, рейтингке кірген жалғыз қазақстандық
«ақыл орталығы» болды (https://repository.upenn.edu/cgi/ viewcontent.
cgi?article=1017&context=think_tanks).
Қазіргі таңда институтта саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік басқару,
тарих және экономика секілді салалардың танымал мамандары – ҚР ҰҒА
бір мүше-корреспонденті, тоғыз ғылым докторы, бес ғылым кандидаты,
үш Ph.D. және он екі ғылым магистрлері қызмет атқарады. ҚСЗИ-дың Ал-
маты қаласында Өкілдігі бар және аймақтарда жаңадан өкілдіктер ашты.
ҚСЗИ өзінің 25 жылдық қызметі барысында институт халықаралық қа-
тынастар, жаһандық жəне аймақтық қауіпсіздік мəселелері бойынша 300-
ден астам кітап басып шығарды. Институтта үш журнал басылып шығары-
лады: «Қоғам жəне Дəуір» тоқсандық ғылыми-сараптамалық журналы
(қазақ тілінде), «Казахстан-Спектр» тоқсандық ғылыми журналы (орыс
тілінде) жəне «Central Asia’s Affairs» тоқсандық сараптамалық журналы
(ағылшын тілінде). Үш тілде жүргізіліп отыратын сайты, Facebook және
Twitter әлеуметтік желілерінде өз парақшасы бар.
ҚСЗИ жыл сайын халықаралық ғылыми конференциялар, дөңгелек
үстелдер, семинарлар, сарапшылар кездесулерін өткізіп тұрады. 2003 жыл-
дан бері Институт Орталық Азия аймағының қауіпсіздігі мен тұрақтылығы
мәселелеріне арналған 15 конференция өткізді. 2018 жылдың 15 маусы-
мында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ-нің 25 жыл-
дығына арналған «Жаңғыртудың ұлттық стратегиялары: жетістіктері мен
келешегі» атты мерейтойлық конференция өтті.
ҚСЗИ-дың ғылыми басқосуларына Қазақстан өңірлерінің және Орталық
Азия елдерінің сарапшылары, сонымен қатар, АҚШ, Ауғанстан, Әзербай-
477
• Степные властители и их дипломатия в ХVIII—ХIХ веках •
жан, Германия, Грузия, Жапония, Иран, Корея, Қытай, Моңғолия, Пәкістан,
Ресей, Түркия, Үндістан, Ұлыбритания, Франция, Швеция жəне басқа да
мемлекеттердің ғалымдары белсене қатысады.
ҚСЗИ көп жылдардан бері Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орында-
рының студенттері, магистранттары мен докторанттары ғылыми- зерттеу,
кәсіби және дипломалды тәжірибелер мен тағылымдамалардан өтетін
алаң болып келеді.
Институтта қызметкерлердің кəсіби жəне ғылыми өсулері үшін барлық
қажетті жағдайлар жасалған. 2017-2018 жылдары Қазақстан Республика-
сының Білім және ғылым министрлігі ҚСЗИ үшін докторантура мен ма-
гистратураға мақсаттық гранттар бөлді. Қазіргі таңда ҚСЗИ Л.Н. Гумилёв
атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті базасында 6 магистрант және 10 Ph.D. докторант дай-
ындап жатыр.
ҚСЗИ туралы толық ақпаратты төмендегі мекен-жайдан алуға болады:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Нұр-Сұлтан, Бейбітшілік көшесі, 4
Тел.: +7 (7172) 75-20-20
Факс: +7 (7172) 75-20-21
E-mail: office@kisi.kz
www.kisi.kz, www.kaziss.kz
478
• Клара Хафизова •
Достарыңызбен бөлісу: |