9912
ІРАИЫМОВ
Шақанай Әміржанұлы
L
Абай жүмбақтығы -
ф
и л о с о ф
и я л ы к , м
ө с е л е
Бірінші кітабы
*
2015 жыл
ӘОК 1/14 ББК 87.3 Ә -14
Монография «Тұран-Астана» университетінің «Қазақстантану»
Ғылыми орталыгыжэне осы университет жанындагы оншакты жыл тұрақты
ж ұмы с істеп келе ж атқан«Қ азақстантану-К азахстановедение-К атакһ5ІапІО £у»
Ғылыми-әдістемелік семинары иіешімімен баспаға үсыиылды.
Редакция алқасы:
Бас редакторы Әубэкір Д. Ә. Редакторы Ысқақов М. Р.
Пікір бергендер: Сәбит М., профессор, философия гылымдарының докторы;
Смагұлов Ж. Қ., профессор, филология гылымдарының докторы;
Әубәкір Д. Ә., профессор, философия гылымдарының докторы,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі;
Ысқақов М. P., қазақтілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Ә-14 Әбдіпайымов Ш. Ә.ІП930-2006) Абай жұмбактыгы - философиялық мәселе.
II
f -ы
аы
мигдештеу жадияланым: 3 кітаптан тұратын Монографиянын
II
В
Г
j Ь - _
II Л A I Я
Л і і
г*
А
I
1
і ^:
"
if*
(\
I академик С.Бөйсембас 4}
л Л | jk
\ )
I
а
т
ы
н
д
а
ғ
ы
ғ
ы
л
ы
м
и
j
ь
-
.
j A
Ш Ш В К І ь
v
Коп жылдар бойы жогары оқу орнында ұстаздық қызмет атқарған белгілі
галым, философия гылымдарының кандидаты, доцент Ш.Ә. Әбдірайымовтың бұл
гылыми зертгеу еңбегі халқымыздың дана тұлгалары Абай мен Мұхтар Әуезов
шығармашылығының философиялық қырларын зерделеуге арналган. Дара
тұлгаларымыздың дүниетанымындагы жеке тулга жэне адами болмыс, қогам және
заман туралы философиялық толгауларының танымдық та, тагылымдық та мэні
мол. Осы Абайтануга рухани игіл
ік
болып қосылуға лайық еңбектің жарық көруіне
автордың жан-жолдасы, замандасы Дәурен Садықұлы Ахметбаевтің қосқан үлесі
зор: қолжазбаларды жинақтап, ретке келтіріп, компьютерге салгызу. Кітап Абай
дананыңтуғанына 170 жыл толуына орайластырыла отырып, жоғары оку орындары
мен мектеп шәкірттеріне, гылым жолындагы ізденушілерге - магистрант, докторант,
PhD-докторанттарға, ғалымдарга жэне жалпы оқырман қауымға арналады.
ISBN 978-601-278-756-6
Ш. Әі Әбдірайымов. Т. Тұяқов, 2015
АБАИ ТЫЛСЫМЫ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ СЫР САНДЫҚ
HI. Ә. Әбдірайымовтың «Лбай жумбақтыгы -
философиялық мәселе» туындысына пікір-беташар
Бұл туынды әйтеуір бір Жарық дүние есігін ашуы керек еді.
Абай заманы, Мұхтар Әуезов Абай мұрасына, тұлғасына ден
қойған қазақ халқының рухани жаңғыруындағы ғасырга бергісіз
кеңестік кезең, туған елінің Абайды ұлттық рух көсемі деңгейінде
шынайы пейілмен пір тұтуы, Абай мен Мұхтарға деген бүгіндегі
элем жұртшылығының ықыласы аууы - осының бәрі-бәрі көптен
күткен аталмыш еңбектің жарыққа шығуына ақжолтай.
«А бай» романы, соны іле-ш ала «А бай жолы» роман-
эпопеясының жариялануы қазақ үшін рухани қайтатүлеп, ескіше
айтқанда, Ренессанс үрдісін бастан кешкендей ғұлама оқиға болды
десек, ақиқатган алшақтамаған болар едік. Тіптен, Абай заманы
«Қазақ Ренессансы» деуге тұрарлық. Осындай зор тағдырлы бақыт
кез келген ұлттың басына түсе бермейтіні аян. Біз тағдырдың
өркениет ұзын сонар көшінде бұндай бақ қондырған сыйын аразы
болуымыз керек жэне де осынау бақ құсын уысымыздан шыгарып
ал мауымыз лэзім.
Мен Шақанай Әміржанұлын бір кездері Павлодарда қызмет
етіп жүрген күндерінен білуші едім. Ол кездері қазақган философия
маманын алып шыққандар бірен-саран ғана болатын. Кеңес
Одағының коммунизм кұруға бағытталган со ц и ал и ст доктринасы
марксизм-ленинизм ілімі шеңберінен бір қарыс та ауытқи алмайтьш,
сана-сезімімізге сіңген коммунистік идеология өктемдігі өз табын
философия ғылымына салмай қойған жоқ.Тіптен, философия бұл
тұрғыдан алғанда, басқа ғылымдардың алдын орап, КОКП
доктрина жүйесін жасауда басты рөл атқарып, кеңес халқының
жаппай игеруге, меңгеруге, кез келген істерінде, бүкіл тұрмыс-
болмысында басшылыққа алар қоғамдық бағдаршамы болатын.
Сондықтан да, автордың сол уақыт туралы айтқандарымен
з
келісемін. Дегенмен де, кеңестік ғасырдың қазақ халқына, жалпьі
адамзатқа бергені де аз болған жоқ: дербес болмаса да, казак өзіндік
автономияға қол жеткізді; тілі мен мәдениетін эжептэуір жоғары
деңгейге көтере алды, міне соның арқасында Абайды тануымыз
сол кеңесгік ғасырдан бастау алды; білім беру һэм денсаулық сақгау
жүйесін қалыптастырып алды жэне де ғылымын даму жолына
бағытгай алды; белгілі бір паргиялық жүйеге мойынсұну, елдік пен
мемлекеттікке ден қою секілді бүгінгі заманымызға қажеттігі
көрініп, кэдеге асқан әдеттерге бойды үйрету; кешегі ¥лы Отан
Соғысы ауыртпашылығьш бүкіл кеңес халқымен бірге көтеріп,
содан абыроймен шыға білу т.т. Бұларды жоққа шығару, әлбетге,
ешкімге абырой әпермес.
Абай шығармаларындағы гылыми, соньщ ішінде философиялық
сарын, тіптен көзқарас бар екендігін біз де, басқа да ғалымдар,
жазушылар басқа да сала мамандары тарапынан бүрыннан, эсіресе
Мұхтар Әуезовтьщ түбегейлі еңбектерінен кейін көптен айтыльш,
жазылып жүр. Абай өзінің осынау ой-сана, зерде-санат тереңінен
толғаған шығармашылығын дүниесезгіш тік, дүниетанымдық
дэрежеге дейін жеткізген ғұлама. Бұл жағынан кейінгі Р енессанс
кезіндегі Батыс философ-оқымыстыларынан ол Иммануил Кантқа
жақын деп айта аламыз. Ал, жалпылай айтсақ, Эллин өркениеті
д эу ір ін д ег і Ф ал ес,А н ак си м ен , А н ак си м ан др , П р отагор
бертінгілерінен Гераклит, Демокрит сынды ежелгі ғұламалар
идеяларының ұшқындарын Абайдан байқаймыз. Түптеп келгенде,
Абайдьщ ол дэуірдегі прототиптері - Сократ пен Платон. Сондықган
да, егер соларды ғалым десек, ондаАбай да - ғалым, егер-әки
философ десек, онда Абай да - философ. Бұған еш талас-тартыс
қажет емес. Шақанай Әбдірайымовтың керемет атқарған еңбегінің
басты нәтижесі сол,осындай ой-топшылауларды, толғаныс-
болжамдарды, шашырап жүрген пайымдарды терең зерделеп, бір
ізділікке түсіріп, жүйелеп шыққандығы. Абай шығармалары, әсіресе
«Философия трактаттары» деуге болатын «Қара сөздері» тұнып
тұрған ғылыми жүйе үлгісі.
Мұрат СӘБИТ,
профессор, философия гылымдарының докторы.
4
ҰЛЫЛАР ҮНДЕСТІГІНІҢ ҮДЕСІНЕ ҮҢІЛГЕН
Ш. Ә. Әбдірайымовтыц «Абай жүмбақтыгы -
философиялық моселг» атты гылыми-зерттеу
еңбегіііе сараптамалық ой-пікір
Адамзат қогамы жаратылғаннан бергі уақыт ішінде сан апуан
ғылымның түрлерінің зерттеуіне айналса да элі де болса барлық
қүлиясы толық ашыла қоймаған бір нысан бар. Ол - адам. Өзінің
жаратылу құпиясынан бастап бірталай ғылым саласының элі күнге
дейінгі эр түрлі бағыттағы зерттеулеріне өзек болып келе
жатқандығымен де жұмбақ болып отырған осы бір табиғат
сыйының болмыс-бітімін түпкілікті ашып бере алдық деп айта
алмасақ керек. Ал тарихта терең із қалдырған үлы өнерпаз
тұлгалардың өміртану мен өнертанудағы шығармашылық құпиясы
деген шетсіз, шексіз жатқан бір ғаламат дүние. Қазак халқының
бастан өткерген тарихи тағдырында мақтана да, мақтай да
ұлықтайтын Ұлыларымыз қаншама! Жер жүзіндегі өркениетке бір
де бір данасымен үлес қоса алмаган ұлттар мен ұлыстар да бар.
Жеке ұлт ретіндегі тарихы тәлкекке түсіп, мемлекет болмақ тугілі,
тілі, діні, ділі күрып жойылып бара жатқаны қаншама!? Ал «мың
өліп, мың тірілген қазақ халқы» әлемдік өркениетте қаншама ұлы
ойшылдарымен даңқты. Сонау Сақ, Ғұн дәуірлерін былай қойған
күнніңөзінде, Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегіндей арыстарымыздан
классик ақынымыз О. Сүлейменовке дейінгі ғасырларға созылған
тарих көшіндегі тарихи түлғаларымыз калдырған өшпес рухани мүра
барша адамзат қоғамының игілігіне қызмет жасауда.
«Абай - қанша алсаң да таусылмайтын үлы мұхит. Мен одан
өзіме керегімді ғана алдым», - деген екен бір сөзінде М. Әуезов.
Ұлттық эдебиеттану ғылымында абайтану ілімі жеке сала болып
қалыптасып, оның барлық проблемалары ғылыми түрғыда
қарасгьфылды дегенімізбен, тәуелсіздік алғаннан бергі жаңа дэуірде
5
үлт мүддесіне байланысты жанаша көзқарастағьі тың зертгеулердщ
кол ға алынғаны кеше гана. Ту расы н айтсак, Абайтану мен
Әуезовтану ілімдерінің мәселелері кешегі тотал нтарл ы қ зам анда
тек әдебиетші ғалымдардьщ еншісінде ғана болып келді. Басқа
гуманитарлық ғылымдар саласы тек шет пұшпақтаганы болмаса,
аса тереңдеп барды дей апмасақ керек.
Бұған да объективтік себеп-салдарлар жоқ емес. «Тек үш
пайызы гана сауагты болған көшпелі надан халық» дел санаган ұлы
державалық көзқарас пен еуропашыл арамза пиғыпдардың салдары
өз тарихымыз бен данышпан даналарымызды ақиқатқа сай
бағалауга мүмкіндік бермеді. Егемендік алганнан бергі уақытта
элемдік ЮНЕСКО ұйымы арқылы қаншама гұламаларымыздың
мерейтойлары дүниежүзілі к көлемде аталып өтіп жатыр. Бұған тек
кана қуану аз, бөркімізді көкке лакдырып мақтану да керек!
' Бүгінгі таңда кеіиелері тек үлтты қ эдебиеттанудагы жеке ілім
саласы гана болып келген абайтану пен эуезовтануға басқа
қоғамдық жэне гуманитарлық гылымдардың батыл араласуы
күгпарлык күбылыс. Онын ішінде философия гыл ы м ы и да ұлттық
ойшылдардың данышпандық даралықтары жан-жақты зерттеу
нысаныиа айналуда. Абай секілді ғүлама ойшылдын пэлсапалық
ой-көзкарасгары галымдар А. Машани мен Ә. Маргұлан жэне
Гхгрірскте Ж.М. Әбділдин мен Ғ. Есім гылыми эертгеулерінен бастау
алды. Бұларга қоса,филология, педагогика, психология, эл еуметгаі іу,
саясаггану, так гылымдары салаларында да ізденістср жүрігі жатыр.
Абай фнлософиясы жекелей карастырылганымеи, М. Әуезовгей
үлы тұлганың дүниетанымдық ойлары мен шығармашылыгына
тығыі ба й л а н ы стыл ы ктагы логикалык түтастыкта кешенді түрде
C03 бола койған жоқ. Оның кейбір мәселелері алғаш тек
М Мыріахметовтін «М. Әуезов жэне абайтану проблемалары»
атты монографиялык еңбегінде жэне кейіндерде шыққан басқа
тсрттсулерінде эдсбиетгаңуіиылық бағытында гана сөз болған-ды.
Сондықтан да, сгср де біз III.Ә. Әбдірайымовтың «Абай
жұмбақгығы -философиялық мэселе» атгы бүл ғылыми-зерттеу
еңбегінің негізгі өзегі ұлылар үн дестігін ің тарихи дәстүр
сабактастығына сай жалғастық табуын зерделеуде десек, артық
айтқандық болмас.
«Абай әлемі - бір дәуірді қамтитын тарихи үдеріс. Мұхтар
Әуезов «Абай», «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Абай өмірі
мен ісін тарихқа сәйкестендіре отырьш талдап,зертгеп, жан-жақгы
бейнелеп, қазақ халқының тарихи тұлға бітімін қалыптастырды.
Қазақ мәдениеті, ғылымы мен өнерінде Абайдың орны ерекше.
Абай өмірі - қазақ халқының өмірі, мәдениеті даму тарихы. Абайды
тану - белгіліден белгісізге үздіксіз, үзіліссіз сатылап жоғарлайтын
диалектикалық үдеріс. «Абайтану» ғылымының салалары үнемі
жаңа деректермен, пікірлермен толықгьфылып, байытылып отыруы
гылыми зандылык.Сондыкган да, Абайды тану - барға бас шүлғьш,
ат басын тежеу емес. Үлы ойшыл ақынның элемдік тарихи түлға
бітімі - сарқылмас рухани да, ғылыми да қазына. Абайдың жеке-
дара өмірі, қоғамдық ісі мен шығармашылығы, рухани асыл
мұралары кімге де оолсын - мэңгілік серік» - деп автордың өзі атап
көрсеткендей, бұл көлемді еңбектің маңыздылығы да осында.Ұлы
перзентгеріміз Абай мен Мүхтар әлеміне диалектика заңы бойынша
философиялық тұрғыдағы байыпты байламдар жасауды мақсат
тұта отырып, қазақ деген халыктың ұлттық дүниетанымының
болмыс-бітіміне бүгінгі тандағы жаңашыл көзқараста тың ғылыми
пайымдамалар жасауға ұмтылады. Расында да «Абайдың тарихи
тұлғасының әлемдік деңгейге көтерілу сыры - қазақ халқыньщ
жасампаз еңбегіне, қоғамдық қызметіне,ойшылдық қасиетгеріне
байланысты. Диалектиканың түтастық ж эне жан-жақтылық
қағидаларын басшылыққа алсақ - «тарих» жалпылық мэнінде бар
тіршіліктің болмысы үнемі даму үстінде деген түсінік. Тарих - шекті
де, шексіз үрдіс, өмірді де, ойды да баптап, шектеп, жүтендеп
ұстауға тырысатын, шамасынша тізгінді мықтап үстау үшін бар
айла-амалын ж үм сайты н адам қоғамы іс-қимы лдары нан
туыңцайтын объективп үдеріс» деген пікірі талдауды қажет етпейді.
7
«Абай кім? Оны қалай ұғамыз ж эне ұғы нам ы з.» деген
ғасырдан гасырға жалғасып келе жатқан сұрақ эрбір ұрпақгық буын
ауысқан сайын олардың алдында үнемі жаңарып, өзгеріп, заман
талаптарына сай туындайтын ұшан-теңіз мәселе екені белгілі.
Кешегі социализм деп аталған тоталитарлық-әкімшілік жүйе
кезеңінде отаршылдыкты негіз егкен кеңестік идеология абайтану,
мүхтартану ілімдерінің проблемаларын қандай талаптар бойынша
насихаттауға мэжбүрлегеніне көз жеткізеді. Ол бірінші бөлімнщ
алғашқы тарауындағы «Тарих қойнауынан: Қорқыт атадан Қонаевқа
дейін» деп аталагын тараушада нақгы сөз болған. Бұл тұрғысынан
келгенде, Ш.Э. Эбдірайымов жаңадан Америка қүрлыгын ашуға
ұмталап отыр деуге негіз жоқ. Мәселе Абай мен Мұхтар аталатын
даналық элеміне өзіндік ғылыми ой үйғарымдар бойынша келуінде.
Ол тэуелсіздікке қол жеткізгеннен бері жан-жақты және эртүрлі
аспектіде айтылып жатқан ізденіетерді біртұгас жүйеге келтіруге
деген ғылыми танымдық жэне тағылымдық мэнде жатыр.
«Абай әлемі - деп жазады Ш.Ә. Әбдірайымов - X X ғасырдан
XXI ғасыр табалдырығын аттады да. Бүгінгі тәуелсіз елімізде,
халықаралық көлемде келесі тарих бұры н-соңды болмаған
қоғамдық, саяси-әлеуметтік мүмкіндіктер тудыруы сөзеіз. Абай
әлемінің, танымы мен логикасының мақсатты бағыттылыгын
анықтау ізденісімізді белгілі бір заңдылық арнасына жетелейтін,
бұныңтікелей әсерімен сипаттапып, бейнелейтін философиялық
категориялардың басын ашып аныктасақ: олар кеңіетік пен уақыт
және дедиалектикалық қайшылыктар. Аталған категорияларды
Абай элемі тың мәселелелері мен жүйесін анықгап, зерпгтеп талдауға
жол нұсқайды. Кеңістік пен уақыт физикалық элементарлық
бөлшектен бастап, баршаның - материалдық дүниенің, бұның
ажыратылмас оөлігі, әрі қүрамы адам қоғамының өмір сүруінщ
объективті түрлері. Ал, диалектикалық қайшылыктар болса, кандай
да бұған қоса таным мен логика дамуының ішкі қайнар қөзі.
Философияның сөз етіп отырған тұлғалы қагидасын өмірге
келтірген, тек қана, әбден етене болып еіңіп кеткен маркстік-
8
лениндік философия ғана емес, алемдік философияның - даму, таным
жэне логика туралы ілімі - диалектикальіқжиынтық, қорытынды,
түйін пікір». Мінеки, осы пікірдің өзінен-ақ оқырман қауым абайтану
пен әуезовтану ілімдерін қалыптастыру барысындагы барлық
жетістіктер мен кемшіліктерге соны сипаттағы таразылык
көзқараста қарауға ұмтылары анық.
Ғалымның өз еңбегінде қайталап айтып отыратын кеңістік пен
уақыт ж эне дедиалектикалық қайшылықтар проблемасы -
ғасырларға созылса да, шешуін таппаған күрделі мэселе. Себебі
кеңістік пен уақыт мәңгілік болатын болса, онда тарих көшіне
ілескен эрбір ұрпакпгың үлтгық кемеңгерліктің мэйектеріне, Абай
мен Мұхтар аталатын даналық әлеміне жаңа көзқараста қарауы
ф илософ иялы қ заңды лы қ. Ол қөзқарастарды дам уды ң
диалектикалық қайшылықгары туғызатынын дэлелдеп жату артық.
Ғалым Ш .Ә. Ә бдірайы м овты ң адам тану, тұлғатану
ілімдеріндегі ғылыми айналымда бұрын-сонды кездесе қоймайтын
«Үшкіл қағидасы» ұғымын енгізген. Зерттеуші оны былайша
негіздей ді:
«Абай шығармашылыгына диалектикалық тұтастық сипат
беріп, бұның мазмұнын ашатын ғылыми-теориялық негізі - «үшкіл
қағидасы». Үшкіл төңірегіне теориялық түлғалыүш қағиданы
үсынбақпыз:
-
біріншісі -
Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы;
-
екіншісі
- Абай мен Мүхтар Әуезов шығармашылығының
халықтық, үлттық жэне үлтжандылық қасиеттері;
-
үіиінилісі
- біздің ойымызша, тың, әсіресе, талас, тартыс
тудыратын қагида - «Абай философиясы».
Жаңашылдықсипаты айқын осы «Үшкіл қағидасы» үғымының
бара-бара ғылыми терм инге айналары с ө зс із. Егер эрбір
шығармашылық өнерпаз болмы сы н осы үш кіл қағидасы
талаптарына сай зерттей бастасақ, онда сол саладагы ғылымға
да, ғалымға да пайдасы молынан тиері анық. Өйткені, гуманитарлық
ғылымдардың эр саласы «өз қотырын өзі қаси берудің» уақыты
9
етті. Абай мен Мұхтар Әуезов элемінщ тарихи да, ұлтгықта, рухани
да тамырларын осы қағида тұрғысынан қарастыру авторды талас
тудыратын тың мәселелерге жетелеген. Сондықтан да, қоғам жэне
адам, оның ішінде өнерпаз дара тулға болмысы мен дүниетанымы
туралы дәлелді ой-пікірлер сонылығымен көңіл аудартады.
Ал тұлға мэселесін әдебиетгану ғылымы тұргысынан қарасақ,
эртүрлі көзқарастар тоғысында дау тудыратыны анық. Белгілі бір
тарихи тұлға мен ол туралы жазылған көркем шығармадағы әдеби
образ ретіндегі кейіпкер тұлғасы арасындағы ұқсастық пен
айырмашылықтардың тарихи шындыққа сәйкестігі мэселесінде
түрлі пікір қайшылықгары туындап жататыны шындық. Автор ¥лы
Абай жэне ол өмір сүрген кезендегі тарихи тұлғалардың М. Әуезов
шығармашылыгында кейіпкер дэрежесінде сомдалуын негізге ала
отырып, тарихи тұлға жэне көркем бейне мэселесіне орай ой
толғайды . Ғылыми зер ттеу ж ұмы сы мы зды ң саласы
әдебиеттанушы ретінде қарайтын болсақ, бұл еңбекте эрі қарай
тарата, тарамдала зерделенегін көптеген ғылыми проблемалар мен-
мұндалап тұрғанына шэк келтіре алмайсыз. Бір ғана мысал
келтірелік. Автор жеке тараушада ғана сөз ететін«Әйел тағдыры»
мәселесінің өзі бұған Абай шығармашылығындағы көзқарас пен
М.Әуезов туындыларындағы қазақ әйелдерінің тағдыр-талайьш
салыстырмалы эдебиеттану талаптарына сай философиялық
аспектіде қарастыру - тың зерттеудің өзегіне жетелеп тұр.Әрине,
сараптама пікір жазып отырғаннан кейін бұл еңбектің эр бөлімі мен
тарау,тараушаларына жеке-жеке тоқгалуга болар еді. Бірақ біз оған
барған жоқпыз. Себебі, бір жағынан автор айтқан идеялар мен ой-
тұжырымдарды өз сөзімізбен қайталап айтып беру жағынан
сақтансақ, екіншіден, өзім ғана білеміннің аяғы жақсылыққа
апармасы оелгш .
Ш.Ә. Әбдірайымовтың «Абай жұмбақтығы - философиялық
мәселе» атгы ғылыми зерттеу еңбегі төрт аяғын тең басқан мінсіз
зертгеу деуден аулақпыз. Егер автор марқұм болып кетпегенінде
айтылатын сын ескертпелер де болар еді. Олар түзетіле келе
10
еңбектің ғылыми сапасын арттыратүсер ме де еді. Қалай дегенмен
де, ұзақ жылдар бойы том-том кітап ақтарып, кешті таңға
жалгастыра, көз майын тауыса, еңбек еткен қалам иесінің
жанқиярлық еңбегіне тэнті болдық. Ең бастысы үлтжандылық
болмыс-бітімінен туындап жатқан «Қазағымды танытсам екен,
оныңұлыларын ұлықгау арқылы ұлтымның мерейін өсірсем екен»
деген патриотгық сезімі шын мэніндеризашылықтудырады.
Философиялық ой-толғамдарға негізделген бұл зерттеуде
гылыми стиль мен публицистикалық сарын араласып отырғанымен,
ол Абай мен Мұхтардың жұмбақгығын ашуды мақсат тұгқан негізгі
ж үйеден аулақтай қоймайды . Қ азіргі к ездегі көзқарасқа
сайавтордың субъективтілік көзқарастары да тақырып аумағанан
табылып жатыр. Қандай да болсын бір ғүламалықпен жазылған
кітап болса да, оқырман одан тек өзіне керегін ғана алатыны мэлім.
Достарыңызбен бөлісу: |