Монографиялық еңбектен басталады. Сөзжасамдық ұяға берілген анықтама сөзжасамдық ұя құрамында



Pdf көрінісі
Дата09.05.2023
өлшемі146,14 Kb.
#91173
түріМонография


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Орындаған:Амангелдиева Шолпан
Сөзжасамның семантикалық
дамуы 


Қазақ тіліндегі, сөзжасамдық ұя мəселесін зерттеу 1989 жылғы
жарияланған "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты
монографиялық еңбектен басталады.
Сөзжасамдық ұяға берілген анықтама сөзжасамдық ұя құрамында
бір негізгі түбір сөз жəне одан туған туынды түбірлер болатынын
көрсетеді. Олай болса, əр сөзжасамдық ұяның құрамында негізгі
түбір сөз біреу болады да, одан өрбіген туынды түбір сөздер-
бірнешеу болады. Əр сөзжасамдық ұядағы туынды түбір сөздердің
бəрінің құрамында түп негіз сөз үнемі қатысып отырады. Бір
сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір сөз болса, соның бəрінің
құрамынан алғашқы түп негіз сөз міндетті түрде орын алады. 


Мысалы:əн, əндет, əндеткіз, əндеттір, əнқой,
əнқойлык, əнсымақ, əнші, əншілік, əншіл, əншілдік
деген əн негізгі түбірінен тараған сөзжасамдық
ұядағы туынды түбір сөздердің бəрінің құрамында əн
деген негізгі түбір 
Əр сөзжасамдық ұя əр түрлі түбірлес сөздерден
тұрды. Мысалы: жұрт негізгі түбірінен жасалған
сөзжасамдық ұяны алсақ, ол жұрттық, жұртша,
жұртшылық деген 3 қана түбірлес сөзден тұрады,
олардың да əрқайсысының құрамында негізгі түбір
сөз бар, жəне осы ұядағы түбірлес сөздер алғашқы
жұп түбірінен тараған ұядағы түбірлес сөздерден
мүлдем басқа


Ал келесі сөзжасамдық тізбекте ғана бірінен-
бірі тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын
сөздер болады.Əр тізбек түп негіз сөзден
өрбиді. сөзжасамдық тізбекте бірінен-бірі
тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын
сөздер 
Мысалы, біл негізгі түбірінен жасалған
түбірлес туынды.Осы түбірлес сөздердің бір-
бірінен тікелей туындауы 13 сөзжасамдық
тізбек ішіне ғана қатысты.


1. біл->білім->білімді->білімділік
2. біл->білім->білімсіз->білімсіздік
3. біл—»білім—>білімдар—>білімдарлық
4. біл—»білім—>білімдар—>білімдарсы
5. біл—>білім—>білімпаз—>білімпаздық
6. біл—>білім-»білімпаз->білімпаздан
7. біл-»білік->білікті->біліктілік
8. біл->білік->біліксіз->біліксіздік
9. біл->білгіш->білгіштік
10. біл->білгіш—>білгішсі
11. біл->білгір->білгірлік
12. біл—>білгір->білгірсі->білгірсін
13. біл—>білгі->білгілік->білгілікті 


Мысалы:өшір-өшірт-өшірткіз. Бұл
тізбекте 3 сөзжасамдық жұп бар: 1)
өш-өшір, 2) өшір-өшірт, 3) өшірт-
өшірткіз. Ал бу түп негізінен жасалған
сөзжасамдық ұяның бір ғана тізбегін
мысалға келтіріп көрейік: бу-була-
булан-буландыр-буландырғыш


Назарларыңызға рахмет! 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет