Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1732 жылы Қазақстанның Росссияға қосылуы.
XVIII-XIX ғасырларда пайда болған Қазақстан қалаларының бәрінде түрлі стильдер мен мектептердің үлгілері.
Мемориалдық күмбездер және тас өңдеу өнері.
Қазақстанның дәстүрлі қол өнері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1732 жылы Қазақстанның Росссияға қосылуы қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне күрт өзгерістер енгізді. Заман саясаты бойынша Қазақстанның әр-бір аумағында кейін қалаға айналатын қамалдар бой көтеруі керек болды. Алдымен солтүстік, батыс және солтүстік-шығыс аумақтарды кейін оңтүстікте Қоқан және Хиван хандықтарын ығыстырып Тараз, Шымкент, Сайрам секілді қалаларды өзгертіп Верный секілді жаңа қалалар бой көтере бастады. Бұл Ресей өкіметінің қала салу дәстүрінің ширай түсуіне өз септігін тигізді.
Мемориалдық күмбездер және тас өңдеу өнері.Қазақстанның қала құрылысының көрінісі сан-қилы болып қалыптасса, ал мемориалдық күмбездер құрылысы ұлттық стильді айқын ұстанып тұр десек артық айпағанымыз.
Батыс Қазақстан облысының Маңғыстау және Үстірт аумақтарын күмбездік құрылыстың мектебі десек болады. Себебі бұл аумақта Қазақстанның басқа аумақтарымен салыстырғанда тастан жасалған монументальдық сәулет өнерінің шедеврлері көбірек кездеседі. Негізінен тастан жасалған дүниелерді қол өнерінің аумағында қарастыру керек болса да Маңғыстау аумағындағы тас өңдеу өнері ол сәулет өнерімен байланысты екенін мойындау керек.
XIX ғасырда қазақ мәдениеті ғылыми тұрғыдан зерттеле бастап, қол өнердің шырқау шегі деп есептеледі. Мәдени құндылықтар мен ескерткіштер картада белгіленіп тіркеуге алынды. Ресейлік, шетелдік тарихшылар, археологтар және этнографтар көшпенді қазақ мәдениетінің тұрмыс-тіршілігін зерттеп талдай бастады.
Қазақ мәдениетін зерттеуде Е. Корнеев және А.О. Орловский сияқты суретшілер, В.Н. Белослюдов, Г. Гуркин және А.И. Левшин, Г.Н. Потанин, С.М. Дудин, Р. Карутц, В.М. Чепелев, Б.А. Клодт сияқты этнограф-ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Қыш өнері. Бұл кезеңнің қыш өнерінің тарихы тым таяз зерттелген. Қыш бұйымдарының және роспистердің сапасы төмендеп құлдырауға түседі. Бұған себеп ресейлік М.С. Кузнецов атындағы фаврика мен гжель шеберханаларынан кең мөлшерде тасымалдана бастаған сапалы қыш бұйымдар отандық шеберлердің қолын байлады.