Объектдеп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйесінің элементтері аталады.
Атрибут-объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу.Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады.
Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт- объектінің(жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастарын атрибут(немесе атрибуттар тобы).
Екінші ретті кілт-бірнеше жазбалар үшін мәні қайталанатын атрибут
(немесе атрибуттар тобы).Ең алдымен,екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Мәліметтер базасының ерекшелігі –ол базада мәліметтердің өзінің сипаттамаларымен бірге орналасуында. Тағы бір айта кететін ерекшелік – мәліметтер базасынан ақпаратты іріктеу Мәліметтер базасы қолданған кезде мәліметтер сипаттамалары өз бетінше орналастырған мысал ретінде және қолданушылар программаны тәуелсіз түрде қолданады. Сипаттамалар метамәліметтер деп аталады.
Метамәліметтердің орталықтандырылған жиыны мәліметтер сөздігі. Метамәліметтер құрамына мәліметтер сипатымен қоса көбінесе қолдану саласы мәліметтер базасын қолданушылар, жобалық шешімдер мәліметтерге сұрау жасау статистикасы туралы ақпарат кіреді. Жалпы мұндай ақпарат жүйені жобалауда үлкен көмегін тигізеді. Мәліметтер сөздігі терминінен басқа да сөздік «анықтама беруші», «энциклопедия», «репозиторий» терминдері қолданылады. Сөздіктердің атқаратын қызметтері ақпарат жүйелерін автоматты түрде жобалау жабдықтарын қолдану өте зор. Олар көбі үшін репозиторий жүйесінің ядросы болып саналады.
Мәліметтер базасынан бір мезгілде параллельді түрде бірнеше қолданушылар жаңартып қолдана алады. Қолданушылардың мәліметтер базасына кіру мүмкіндігін мәліметтер базасының арнайы программалық жабдығы Мәліметтер Базасының Басқару Жүйесінбереді. Қазіргі кезде адам өмірінде әртүрлі ақпараттарды өңдеу көп, сондықтан оларды басқару және ұйымдастыру үшін кең көлемде мәліметтер базасы мен қорын құруға тура келеді. Қазіргі кездегі кез-келген есептер ақпараттарды және мәліметтерді түрлендірумен байланысты сол себепті соңғы жылдары көптеген әр түрлі компьютерлік жүйелер, яғни мәліметтерді басқару жүйесі пайда болады. Мәліметтер базасы және Мәліметтер базасын басқару жүйесі компьютерге қатысты қолданылады. Мәліметтер базасы ұғымын белгілі қасиеттеріне байланысты өзара байланысқан және ұйымдасқан ерекше түрде, яғни кесте түрінде сақталатын ақпараттарға қолданылады. Мәліметтер базасы мағынасына байланысты электронды картотека түрінде мәліметтердің электронды қоймасы түрінде компьютерлерде бір немесе бірнеше файл түрінде сақталады, сондықтан мәліметтер базасының жұмыс атқару барысында бірнеше амалдарды орындауға тура келеді.
Құрылған немесе бар мәліметтер базасының файлына жаңа ақпараттарды қосу;
Мәліметтер базасына жаңа бос файлды қосу;
Мәліметтер базасы файлындығы ақпаратты өзгерту (модификациялау);
Мәліметтер базасынан ақпаратты іздестіру;
Мәліметтер базасыдағы файлдан ақпаратты жою;
Мәліметтер базасында файлдарды өшіру.
МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРХИТЕКТУРАСЫ
МБ теориясындағы ең негізгі түсінік оның архитектурасы, құрылысы мен құрылымы. Ғылыми зерттеулер барысында МББЖ-ң архитектурасы қандай түрде көрсетілу керектігі талқылануда. Бұл мәселе бойынша стандарттар жөнінде америкалық ANSI комитетінің ұсынуымен МБ-ның ұйымдастыруда үш деңгей қарастырылады:
Сыртқы модельдер деңгейі- ең жоғарғы деңгей. Мұнда әр модель мәліметтері өздерінше бейнелейді. Әр қосымша өзіне қажетті мәліметтерді ғана өңдейді.
Концептуалдық деңгей – бұл орталық басқарушы буын. Мұнда МБ жалпыланған түрде көрсетілген, яғни берілген МБ-ң жүйесі жұмвс істейтін және барлық қосымшалар мен пайдаланатын мәліметтерді біріккен түрде көрсету. Концептуалды деңгей- қолдану саласының жалпыланған моделін анықтайды. Кезкелген моделге ұқсас концептуалдық модель өңдеудегі ең маңызды деген нысандар ерекшеліктерін көрсетеді.
Физикалық деңгей- файлдарда орналасқан немесе сыртқы ақпарат тасымалдаушыларында орналасқан мәліметтерінің көзі. Мұндай архитектура І және ІІ деңгейлер арасында логикалық, сонымен қатар ІІ және ІІІ деңгейлер арасында физикалық тәуелсәздікті қамтамасыз етеді. Физикалық тәуелсіздік - бұл берілген МБ- мен жұмыс істейтін барлық қосымшалардың жұмыс қабілеттілігін сақтай отырып, сақтаушы ақпаратты І тасымалдаушыдан ІІ тасымалдаушыға ауыстыру мүмкіндігі.
МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мәліметтер базасын жобалау заттық образды талдаудан басталады және соңғы қолданушының талаптары көрінеді. Жобалау мәліметтер базасын басқарушыға (адамға) тапсырылады. Қандай мәліметтер сақталынатынын анықтайды, жоба деген не? Жоба - ол болашақта нақты түрлі не болатын белгілі бір нысанның эскизі.
Мәліметтер базасын жобалау барысында келесі мақсаттар орындалуы қажет: барлық бастапқы мәліметтерді жинап алып, оларды пайдалану мақсатына байланысты үлестіру. Олардың көлемін және түрін, яғни сандық мәндерді 1жолға, символдық мәндерді ІІ жолға орналастыруды анықтау керек және қолданушыға оның сұранысы бойынша ұсынып отыру керек.
Мәліметтер базасын жобалау барысында кедергілерге жолықпау үшін келесі мәселелерді ескеру керек:
Мәліметтер базасының мазмұны
Базаны ұйымдастырудың тиімді жолы
Құрылатын жүйені басқарудың құралдарын анықтау керек.
Жобалаушының негізгі мақсаты МБ-ң құрылымын кез келген МББЖ түсінетін және қабылдайтын тілмен құру және сипаттау. Сонымен қатар база қамтитын ақпараттық қолдану саласы жағдайына сәйкес келуі және осы ақпарат базада дұрыс орналасуы керек. МБ-ң жобасы мұқият тексеруден өтуі қажет. Себебі МБ-ң жобасы көптеген қолданушылар ұзақ уақыт пайдаланатын болашақ программалық кешеннің негізі.