Морфемалар туралы т‰сінік



бет1/8
Дата31.03.2023
өлшемі42,61 Kb.
#78000
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовой каз Тили


ШКОЛА ГИМНАЗИЯ КОЛЛЕДЖ «КАЗГЮУ»


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Морфологияны оқыту әдістері»

Дайындаған:Тулеева Зарина


Қабылдаған:
Мазмұны
Кіріспе ........................................................ 3
I.Сөз құрамын оқыту кезінде оқушылардың іскерлігін арттыру ...........5
1.1 Түбір сөз ....................................................... 10
1.2 Қосымшалар ....................................................... 12
II. Сөз таптарын оқытуда қолданылатын әдістер мен тәсілдер .............................14
2.1 Есімдікті оқыту ...........................................................16
III. Сөздерді таптастыруды оқытудағы оқушылардың дағдыларын қалыптастыру
Қорытынды ......................................................... 24
Әдебиет тізімі ......................................................... 25
Кіріспе.
Мектепте оқылатын пән атаулының бәрі тіл арқылы түсіндіріледі, сондықтан қазақ тілінен теориялық білім берудің нәтижесінде оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын қалыптастырып, сөйлеу, жазу тілін дамыту іске асырылады. Тіл білімі салаларының ішінде морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыра алмайды.
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.
Жұмыстың өзектілігі:
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі.
Морфологиялық ұғымдардың бұл қасиеттерін біліп, мәнін түсіну арқылы ойын дәл, жүйелі, анық жеткізуге, сауатты жазуға үйренеді. Морфологиялық ұғымдарды оқытуда оқушылардың өрелі ой- санасын ғылыми негізінде дамыту үшін, меңгерген білім дағдыларды тиянақты болу үшін сабақты түрлендіріп, үлестірме кеспелерді, көрнкті құралдарды, сызба- кестелерді қолдану.
Зерттеу мақсаты:
Морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы жүзеге асыру.
Зерттеу обьектісі:
Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстыру.
Зерттеу міндеттері:
Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасу.
Зерттеу пәні:
Морфологияны оқыту кезінде оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру жағдайлары және әдістері мен тәсілдері.
Зерттеу болжамы:
Морфологияның да оқушының тілдік қабілетін арттыруда өзіндік рөлі бар. Себебі, морфологиялық ұғымдарды жан- жақты меңгермеген оқушы сауатты жазу, дұрыс сөйлей білу дағдысын қалыптастыру.Оқушы білімін тиянақтауда жаттығу жұмыстарын жүргізу, жазба жұмыстарын алу кезінде оқушы жағдайын байқау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет