Морфемалар туралы т‰сінік


Сөздерді таптастыруды оқытудағы оқушылардың дағдыларын қалыптастыру



бет7/8
Дата31.03.2023
өлшемі42,61 Kb.
#78000
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Сөздерді таптастыруды оқытудағы оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматиканың сипаттамалар беру, жеке- жеке талдау – топтастырғанда, олардың лексика-семантикалық мағыналары да морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері де бірдей ескертіледі.

  1. Негізгі сөздер - өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай өзге сөздлермен әр алуан қарым- қатынасқа түсе алатын дербес сөдер. Олар сөйлемде грамматиканың заңы бойынша түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, өз алдына сөйлем мүшесі бола алады. Негізгі сөздерге қазақ тілінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу жатады.

Сонымен, категория дегеніміз- етістік болмаса да, сөйлемде баяндауыштың қызметін атқаратын сөздер тобы. Сөздердің мұндай тобы қазақ тілінде де бар. Мысалы: Кәрілікке күлу – ұят. Сөйлейтұғындер уақ. Бірақ сөздердің бұл тобы қазақ тіл ғылымында әлі зерттелмей келеді.

  1. Көмекші сөздер - өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған, лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер. Олар сөйлемде өз алдына дербес мүше болма алмайды, тек атаушы сөз арқылы жасалған мүшенің құрамына енеді.

Қазақ тілінде көмекші сөздерге шылау (жалғаулық, септеулік, демеулік), одағай, еліктеу сөздер, модаль сөздер жатады. Қазақ тілінде көмекші етістіетер, көмекші етістіктер, көмекші есімдер бар. Бұлар бірде негізгі сөз ретінде қолданылса, енді бірде көмекші сөз қызметін атқарады. Мысалы: Ол оны қасына алды. Мен үйдің қасына келемін. Сен жазып жүрсің. Мен үйде жүрмін.

  1. Одағай сөздер деп ешқандай ақиқат ұғымдарыды білдірмейтін, тек адамның әр алуан көңіл күйі мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Олар өзге сөздермен ешқандай грамматикалық қарым – қатынасқа түспей, мүшесі бола алмайды.



Қорытынды.
Қорыта келе, морфологяны оқыту кезінде оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру үшін әрбір сөздің өзіне тән тұлға- тұрпаты болады. Сол тұлға- тұрпаттың арқасында әрбір сөз бір бүтін тұлға ретінде қызмет етеді.Ал, сөздің тұлға- тұрпаты оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланыстыру. Түбір сөздің сөздердің тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі негізгі екенін білдіру. Сонымен қатар түбір сөздің буыннан, буынның дыбыстардан құралатынын жол- жөнекей аңғарта отырып, олардың өз ішінде бірдей емес екендігін де байқату. Түбір сөзден кеиін келетін сөз бөлшектері қосымша екені, оның жұрнақ, жалғауболып екіге бөлінетіні, жұрнақтың сөз тудырушы, сөз түрлендіруші болып келетіні, олардың өнімді, өнімсіз, жалаң, күрделі болатынынан мағлұмат беру. Есімдіктің зат есім, сын есі, сан есімдердің орнына қолданылатын абстракты сөз табы екндігін түсіндіру, есімдік есім сөздердің орнына жұмсалатындықтан, олардың сұрақтарына да ортақтасып келетінінен де мәлімет беру, есімдіктердің лексика- семантикалық жақтарынан өз ішінде 7 топқа бөлінетінін аңғарту.
Есімдікке дейін зат есім, сан есімдер түгел өтіліп, оларға түрлі жаттығулар өткізіп, есім сөздердің не екендігінен оқушылар толық мәлімет алды. Есімдік туралы өтілетін бірінші сабақты бірден жаңа сабақтан бастауға болады.

Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлу, оларға тиісті грамматиканың сипаттамалар беру, жеке- жеке талдау – топтастырғанда, олардың лексика-семантикалық мағыналары да морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері де бірдей ескертіледі.


Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикллық мағынасы, сөз таптарының өзара байланыстылығының мәні мүсіндіріледі деп ойлаймын. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырыла танытылады деп есептеймін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет