Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет20/61
Дата06.03.2023
өлшемі290,73 Kb.
#71985
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri

Күшейтпелі шырай
Нәрсенің біркелкі сапасы мен санын салыстыра келіп,бір нәрседен екінші нәрсенің сапа дәрежесін әсірелей көрсететін түрін күшейтпелі шырай дейміз. Мұның морфологиялық белгісі – күшейту буыны.Бұл форманы түрік тілін зерттеген ғалымдардың бәрі де бір ауыздан шырай категориясының формасы деп таныған.
Өзің жап-жассың, сонша ненің күйігі алып бара жатқан. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндері қып-қызыл болған қасқырдың жасыл көздері от шашады. Сәукеле десе дегендей, қысы-жазы аппақ боп, маңындағы кішігірім таулардың арасында да ерекше көрінетін үп-үшкір шың, расында да қалыңдықтың сәукелесінен аумайды.
Асырмалы немесе үдетпелі шырай
«Бір нәрсенің біркелкі сапасы мен сынын салыстыра келіп,оның басқа нәрсенің сапасынан өте артық, не өте кемдік дәрежесін көрсететін түрін үдетпелі шырай дейміз»- дейді ғалым Ғ.Мұсабаев. Мұндай шырай сын есімнің дәл алдына үстеу сөздер ( тым, дым,тіпті, тіптен, шымқай, нағыз) қоылып жасалатынын да атаған.
«Қазақ тілі грамматикасы» мен А.Ысқақовтың « Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде : « Заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендететін шырайды асырмалы шырай дейміз»- деп беріледі.Асырмалы шырай сын есімдердің алдына аса, өте, тым, тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ,ең, ал, орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады-делінген.
Ақкөңіл өте қарапайым адамдар. Даусы тым төмен. Қақпақ жауырынды, қыздай қыпша бел, кеудесі шалқақ биязы біткен бәйге атындай жарау, өте оңтайлы бала екен.
Профессор А.Ысқақовтың еңбегінде жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай және асырмалы шырай көрсетілсе, 1967 жылғы «Қазақ тілі грамматикасында» салыстырмалы, бәсең я шағын шырай, күшейтпелі шырай және асырмалы шырай деп төрт түрлі шырай түрі аталған. Профессор С.Исаев шырайдың сапалық сын есімнің лексика-грамматикалық категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетеді : салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырай.
Бақылау сұрақтары:
1.Шырай категориясы, түрлері, грамматикалық көрсеткіштері.
2.Шырай жұрнақтарының грамматикалық сипаты.

Пайдаланылатын әдебиеттер:


1. Қазақ грамматикасы . – Астана . 2002.
2. А.Ысқақов .Қазіргі қазақ тілі. – Алматы : Ана тілі. 1991 .
3. С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. -Алматы : Рауан , 1998.
4. Қазақ тілі грамматикасы. – Алматы : Білім. 1967. 1 том.
5. Мұсабаев Ғ.Қазақ тіл білімінің мәселелері.-Алматы.2008.
6. Шәкенов М. Қазақ тіліндегі сын есімнің категориясы. –Алматы.1961.
7. Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: Арыс, 2007.
8. Сыздыкова Г. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. –Алматы, 2012
9.Кенбаева С.О. шырай категориясының жасалуы, түрлері, қолданысы. КДА. –Алматы , 2008.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет