Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»


Дәріс Етістік туралы жалпы түсінік



бет28/61
Дата06.03.2023
өлшемі290,73 Kb.
#71985
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri

Дәріс
Етістік туралы жалпы түсінік
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Етістік. Етістіктің зерттелуі. Етістіктің лексика-семантикалық және морфологиялық сипаты.
Жалаң етістіктер. Негізгі түбір етістіктер. Туынды түбір етістіктердің семантикалық және морфологиялық құрылымы. Есімдерден етістік жасайтын жұрнақтар: -ла, -лан, -лас,-а, ай, -қар, -ар, -ал, -ық, -сы, -сын, -сыра, -ырай, т.б. Етістік негізді етістіктер. Амалдың өту сипатын білдіретін жұрнақтар: -ла, -қыла, -ғышта, -ымсыра, т.б. Амалдың субъектіге қатысын білдіретін жұрнақтар: -ыс, -тыр, -қыз, -ыл,-ын, т.б.
Дәріс жоспары

  1. Етістік, оның лексика-семантикалық ерекшелігі.

  2. Етістіктің семантикалық топтары, оны ғалымдардың топтау жүйесі.

  3. Етістіктің морфологиялық сипаты.

Дәріс мақсаты: Студенттерге етістіктің лексика-семантикалық, морфологиялық сипаты туралы теориялық мағлұмат беру.
Қазіргі қазақ тілінде етістік – ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасынан және оған үстелетін грамматикалық формаларының қат - қабаттылығынан және олардың арақатынасынан, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен, лексико-грамматикалық қасиеттерінен байқалады.
«Заттың қимылын, күйін, белгінің, көңіл-күйдің, қарым-қатынастың қимыл түрінде өзгеру процессін білдіретін сөздер етістік деп аталады» - деп анықтайды Ы.Маманов.
Қазақ тілінде етістіктің құрылымын жақсы түсіну үшін оның көптеген сөз тудырушы және форма тудырушы аффикстерін, олардың түрлі грамматикалық қызметтерін - функцияларын осы тілдің өз тұрғысынан, аглютинативтік ерекшелігін ескере отырып айыру керек. Етістіктің түбір сөздерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалуын синтетикалық тәсіл деп көрсетсек, сөздердің тіркесуі арқылы яғни аналитикалық тәсілмен жаңа мағыналы қимылдық ұғым тудыратын сөздер де жасалатындығын есте сақтаған жөн. Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен формаларының байлығы оның өзіне тән әр алуан лексика-семантикалық,лексика-грамматикалық және грамматикалық категорияларынан тіпті айқын көрінеді. Мәселен, етістіктің өзіне лайық сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше қилы формаларымен қатар, өзіне ғана тән сөз түрлендіретін де формалары бар. Ал шақ, рай, етіс, амалдың жүзеге асу сипаты сияқты категориялары – етістіктің семантикасы жағынан ең бай формалары, сондай-ақ етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бұлар бір жағынан етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар. ( Кей ғалымдар есімше мен көсемшені етістіктің айрықша түрлері деп қарастырады). Сонымен қатар болымдылық және болымсыздық, сабақтылық және салттылық категориялары да бар.
Етістіктің лексика-семантикалық сипаты
Тілімізде қанша сөзді етістік деп танысақ, солардың әрқайсының өзіне тән лексикалық мағынасы болады. Сөйте тұра олардың лексикалық мағынасы қаншалықты өзгеше болғанымен, сол етістіктердің бәрі де ең алдымен өздерінің бір ортақ сипаттарына байланысты бір сөз тобына телінеді.
Ы.Маманов етістіктерді мағынасына қарай топтастырып, сегіз топқа бөледі:
1) Іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістіктер: жазу, сызу, көру, жұлу.
2)Қозғалыс-қимылын білдіретін етістіктер: жүгіру, еңбектеу, домалау, жорғалау.
3) Қалып-күй процесстерін білдіретін етістіктер: ауру, ұйықтау, тұру, отыру, жату, тынығу.
4) Көңіл –күйді білдіретін етістіктер: қайғыру, мұңаю, қуану, ренжу.
5) Сапалық белгінің өзгерісін білдіретін: ұзару, қысқару,сарғаю,ағару, азаю,көбею.
6) Еліктеу-бейнелеу етістіктері : жылмыңдау,қылмыңдау, пысылдау, ыңқылдау.
7) Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер : балалау, құлындау, қоздау, боталау.
8) Субъективтік реңді етістіктер : азсыну, кісімсу, көпсіну.
А.Хасенова етістіктерді алты семантикалық топқа бөледі :
1) Объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті білдіретін етістіктер : іш, же, майла, боя, ұр, соқ, жүр, көр, оқы.
2) Субъектінің қозғалысының беталыс бағытын білдіретін етістіктер: кел,кет,түс, шық, ұш, самға, жинал, тара.
3) Субъектінің қалпының сапасының өзгеру процессімен байланысты айтылатын етістіктер : ұйықта , оян, азай, көбей, ұзар, қысқар, өл, ауыр, бат.
4) Бейнелеу етістіктері: адырай, бақырай, маңыра, мөңіре, жалтылда, үлпілде.
5) Ішкі объектілі салт етістіктері: қозда, бұзаула, гүлде, жапырақта.
6) Көмекші етістіктер : е, еді, деп, шығар.
Ф.П.Филин: «Лексика-семантикалық топ деп екі не бірнеше сөздердің лексикалық мағынасына қарай бірігуін айтамыз»- деп анықтама берген.
Ю.Н.Караулов орыс тіліндегі лексика-семантикалық топтарға тоқталып, бұл мәселенің дұрыс шешілуі үшін екі мәселенің басын дұрыс ашып алу керек дейді. Біріншісі, сөздердің жеке өз алдына дербестігі, басқа сөздерден бөлініп тұратындығы, екіншісі, контекстің қызметіне қандай роль беріледі.Айтылған пікірлерді жинақтайтын болсақ, сөздерді белгілі бір лексика-семантикалық топқа бөлу үшін мына шарттарды есепке алу керек болады.

  • Бір лексика-семантикалық топтың құрамына енетін сөздер өзара бір мағыналық сыңар (семалар) арқылы байланысып жатуы керек.

  • Бір лексика-семантикалық топтың компоненті болып саналатын сөздер өз дербестігін сақтау керек.

  • Лексика-семантикалық топтың құрамындағы сөздер бірі екіншісін мағыналық жағынан толықтырып, ұштасып жатуы керек.

  • Антонимдік, синонимдік сыңарлар да белгілі лексика-семантикалық топтың аясында болады.

  • Лексика-семантикалық топтар іштей семантикалық топтарға бөлініп, сатылай байланысып жатады.

  • Лексика-семантикалық топтың құрамындағы сөздер бір сөз табынан болу керек.

Осы шарттардың негізінде М.Оразов қазақ тіліндегі етістіктерді 11лексика- семантикалық топқа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет