-қайда болдың?
-үйде.
Үйде дегенде сұрау мағынасы тек интонация арқылы беріліп тұр.
Бұл кітапты мүлде оқымайды. «Бұл» деген сөздің интонацияға түсіп тұрғанын байқаймыз.
-Кім келді?
-Бегімай
-Бұл қандай әріп?
-«А» әріпі
Бұл жерде соңғы «А» дыбысына интонация түсіп тұр.
Қалта сағат (сағаттың қалтаға салып жүретін бір түрі), көз әйнек (көзілдірік яғни көзге салатын әйнек), біз өкше (үшкір өкше), мосы ағаш (мосы жасайтын ағаш) тәрізді тіркестер бір түрлі мәнде қолданылса, олардың орнын ауыстырып жұмсағанда, басқа мағынада және басқа синтаксистік қатынаста айтылады: сағат қалта (сағат салуға арналып тігілген қалта), әйнек көз (шыныдан салынған жасанды көз), өкше біз жуан біз яғни ағаш шегені өкшеге қағу үшін пайдаланылатын ең жуан біз, ағаш мосы ағаштан жасалған мосының түрі, темір мосы да болуы мүмкін, т.б.
Мына жерде бұрыннан тұрған нәрсе. «Бұрыннан» көмекші сөз болып тұр.Баянауылдың табиғаты ең әдемі. «Ең» сөзі көмекші сөз. Маған ол шындықтың бәрін айтуы керек еді. «Айтуы керек» деген сөз көмекші сөз арқылы тіркесіп тұр.
5. Сөз тудырушы және сөз түрлендіруші жұрнақтарды ажырату критерийлерін жазыңыз
Критерийлер
Сөз тудырушы жұрнақ
өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын өзгерту, жаңа мағыналы сөз тудыру;
Сөз тудырушы қосымшажалғанғаннан кейінгі үстелетін грамматикалық мағына сол қосымша жалғану арқылы пайда болған лексикалық мағынаның негізінде ғана туындайды;
сөз тудыратын қосымшаның белгілі бір сөз табының шеңберінде қаралуы ол қосымшаның ең негізгі қасиеті;
сөз тудырушы қосымша морфема енді негізгі морфеманың тұтастық құрамына ауып, туынды түбір деген дербес лексикалық единицаның құрамына, негізгі морфемалар тобына қосылады;
сөз тудырушы жұрнақтар туынды негіздер құрамына еніп, сөздің негізгі морфемалар тобына ауысады;
сөз тудырушы жұрнақтар өзінің бұрынғы қосымша сорфемалар сипатынан арылып, туынды түбір морфемалардың тұтас түр тұлғасына енеді.
Сөз түрлендіруші жұрнақ
өзі қосылған сөздің лексикалық мағынасына еш өзгеріс енгізбейді;
өзі қосылған сөздің лексикалық мағынасына қандай да бір грамматикалық мағына жамайды;
Сөз түрлендіруші жұрнақтар белгілі бір сөз таптарының аясынан шықпайды, өзі жалғанатын сөз табының парадигмалық түрлену жүйесін құрайды;
Сөз мағынасын өзгертпей, тек түрлендіреді.
6.Қосымшаларды беретін мағынасына қарай топтастырыңыз.
Мағыналық жағынан қосымшалар:
Мағыналас;
жақын мағыналарды білдіретін с и н о н и м қ о с ы м ш а л а р;
мағыналары бір-біріне қарама-қарсы а н т о н и м қ о с ы м ш а л а р.
Синоним қосымшалардың қатарына тәуелдік жалғау (үш жақта да) мен -нікі, -дікі, -тікі қосымшасы, белгілі жағдайда -шаң, -шең (тер-шең, кір-шең) қосымшасы мен -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш (сен-гіш, көн-гіш, күле-геш, сен-гіш) қосымшасы, сондай-ақ -шыл, -шіл және -қор (тер-шіл, ұйқы-шыл, шай-қор) қосымшалары, біріншіден, адамға қатысты, екіншіден, ол адамның бір іске бейімділігін, жақындығын білдіретін атаулар я атаулардың сындық белгісін тудырып, синонимдік қатар құрайды.
Ал оған керісінше -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -тіқосымшасы белгілі бір заттың, құбылыстың барлығын, көптігін білдіретін мәндегі сөз тудырса, -сыз, -сіз қосымшасы заттың, құбылыстың жоқтығын білдіретін мәндегі сөздер тудырып антонимдік сипатта қолданылады. Сондай-ақ барыс септік жалғауы белгілі бір затқа, объектіге, мекенге қарай бағытталуды білдірсе, шығыс септік жалғауы керісінше қимылдың қайдан шыққанын яғни белгілі бір заттан, объектіден, мекеннен шығуды білдіріп, қарама-қайшы грамматикалық мағынада жұмсалады. Бұның өзі сөздерде болатын семантикалық сипат қосымшалардан да байқалып отыратындығын көрсетеді.
Қосымшалардың көпшілігі тілдің даму барысында жеке лексикалық мағыналы сөздерден семантикалық дербестігінен, бара-бара тұлғалық та дербестігінен айрылу нәтижесінде қалыптасып жасалған. Қандай қосымшаны алсақ та, түп төркіні жеке сөзге саятынын этимологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр, Мысалы: -ша, -ше, сондай-ақ -шақ, -шек, -шық, -шік қосымшалары шақты, шейін септеуліктері түптеп келгенде шақ (шек) әрі есім, әрі етістіктен жасалып қалыптасқаны, -дай, -дей, -тай, -тей қосымшалары мен дейін септеулігі көне түркі тег, қазіргі тіліміздегі түрі ши (ти десем тимейді дегендегі) етістігінен жасалғандығы толық дәлелденген.
7.Грамматикалық категориялар мен лексика грамматикалық категориялардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.