70
1. Сперматозоидтарға қарағанда овоциттердің мөлшері үлкен (100- 120
мкм -нен бірнеше мм немесе см) болып келеді;
2. Бір мезгілде бөлінеұлпа овоциттердің саны сперматозоидтарға
қарағанда əлдеқайда аз болады;
3.Овоцит
цитоплазмасында
центросома
органелласы
болмайды
(сондықтан ол өз бетімен бөлініп бөлшектенуге қабілетсіз);
4. Овоцит өз бетімен қозғала алмайды.
Овоциттің мөлшері ұрықтың даму ортасы мен жетілу мерзіміне тікелей.
байланысты. Ұрығы енесінің құрсағында дамитын жануарлардың жұмыртқа
жасушасында, сарыуыздың көп мөлшерде қорлануының керегі жоқ. Себебі,
ұрық бірінші күннен бастап енесінің жұмыртқа жолы мен жатырындағы
дайын қоректік заттармен қоректенеді. Ал ұрығы ене организмінен тыс,
мысалы, жұмыртқада дамитын жануарларда, овоцит цитоплазмасындағы
сарыуыздың мол қорынсыз ұрықтың дамуы мүмкін емес. Сарыуыз қорының
мөлшері мен оның овоцит цитоплазасындағы таралу сипатына байланысты
жануарлар жұмыртқа жасушаларының бірнеше түрлері ажыратылады.
Сарыуыз қорының жұмыртқа жасушасьшдағы мөлшеріне байланысты
овоциттер үш топқа бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: