Морфология


Сүткрректілер  овоциұлпаің  құрылысы



Pdf көрінісі
бет104/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Сүткрректілер  овоциұлпаің  құрылысы.  Пісіп  жетілген  сүтқоректі 

жануарлардың  жұмыртқа  жасушасы  басқа  сомалық  жасушалар  сияқты 

цитоплазмадан жəне ядродан тұрады. Оның пішіні дөңгелек немесе сопақша 

болып  келеді.  Жұмыртқа  жасушаларының  мөлшері  зерттеушілердің 

мөліметтеріне  қарағанда,  биеде  —  113-135  мкм,  сиырда  —  122-140  мкм, 

қойда  —  120  мкм,  мегежінде  —120-140  мкм.  Овоциттің  дөңгелек  келген 

ядросының ядрошығы салыстырмалы үлкеңдеу болып келеді. Мұның себебі, 

жұмыртқа  жасушасындағы  белоктарды  синтездеуге  қажет  рибосомалар  мен 

РНҚ  ядрошықта  белсенді  түзіледі.  Овоцит  цитоплазмасының  шеткі 

қыртысты (кортикальды) аймағы, ұрықтың алғашқы даму кезеңіне керекті əр 

түрлі  заттармен  (РНҚ  -  ның  барлық  түрлері,  көптеген  ферменттер, 

құрылымдық  белоктар,  энергия  көзі)  қорланады.  Бұларды  синтездеуге 

белсенді  қатысатын  органеллалар:  бос  рибосомалар,  эндоплазмалық  тор, 

Гольдж  кешені,  митохондриялар.  Эндоплазмалық  тор,  рибосомалар  жəне 

Гольдж  кешені  фолликулалық  жасушалар  жеткізген  қоректік  заттардан 

сарыуыздың  түзіліп,  цитоплазмада  жинақталуын  қамтамасыз  етеді.  Ал  бұл 

процеске  керекті  энергияны  белуге  митохондриялар  қатысады.  Сарыуыздың 

құрамына  кіреұлпа  вителлин  белогі,  көмірсулар  жəне  липидтер  фосвитин, 

липовителлин  сияқты  кешенді  қосылыстар  түзеді,  Овоцит  цитоплазмасы 

белогінің 80% -ы сарыуыздың, 16% -ы рибосомалардың құрылымдық белогі 

үлесіне тиеді. 

Сүтқоректі  жануарлардың  жұмыртқа  жасушасы  сыртынан  біріншілік 

жəне  екіншілік  қабықтармен  қапталған.  Біріншілік  қабық  —  жасуша 

плазмолеммасы 

немесе 

сарыуыз 


қабығы. 

Ал 


екіншілік 

қабықты 


жүмыртқалықтың  (аналық  жыныс  безі)  фолликуладық  жасушалары  түзеді. 

Ол  сарыуыз  қабығын  сыртынан  қаптап,  овоцитті  қоректік  заттармен 

қамтамасыз  етумен  қатар,  қорғаныс  қызмеұлпа  атқарып,  ұрықтану  кезінде 

полиспермияға  (овоцитке  көп  сперматозоидтардың  енуіне)  мүмкіндік 

бермейді.  Фолликулалы  қабық  жасушаларыныц  өсінділері  сарыуыз  қабығы 

микробүрлерімен  жанасып,  қоректік  заттарды  тасымалдап,  олардың  өзара 

əрекеттесуі нəтижесінде осы екі қабық аралығында гликозаминогликандарға 

бай  мөлдір  аймақ  тузіледі.  Ал  фолликулалы  кабық  —  овоцит  мөлдір 

аймағының  сыртынан  сəулелі  тəж  тəрізді  қаптап  жатады.  Сонымен, 

сүтқоректі  жануарлардың  жұмыртқа  жасушасы  ядродан,  цитоплазмадан, 

мөлдір жəне фолликулалы қабықтардан тұрады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет