тұрады.
сақтау жəне дене мүшелерінің қозғалыстарн үйлестіру орталықтары
орналаскан. пішіні шар тəрізді ми бөлігі. Ол сопақша мидың жоғарғы, үлкен
мидың артқы жағында орын тепкен. Мишықта ұзынынан өтетін екі сай үш
белікке бөледі. Олар: ортаңғы бөлік — құртша (vermis) жəне ұзын сайлар
арқылы бөлінген оның екі бүйіріндегі оң жəне сол мишық жартышарлары
(hemispherium cerebelli). Мишықтың сыртқы қабатын құрайтын сұр затты мишық қыртысы (cortex cerebelli) — деп атайды. Ал мишықтың
орталығында орналасқан ақ заттың өткізгіш жолдары мишықтың қыртысты
орталықтарын мидың басқа бөлімдермен жəне жұлын орталықтарымен
байланыстырады. Мишық пен сопақша ми аралығында төртінші ми
қарыншасы орналасады. Оның түбін сопақша ми шұңқыры, қабырғасы мен
суқұбырымен, артқы жағынан жұлынның орталық өзегі қуысымен
жалғасады. Бұлардың қуысында ми-жұлын сұйығы болады.