Морфология


 - сурет. Мишықтың құрылысы а — молекулалы қабат, б — ганглионды



Pdf көрінісі
бет1040/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1036   1037   1038   1039   1040   1041   1042   1043   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

203 - сурет. Мишықтың құрылысы а — молекулалы қабат, б — ганглионды 

қабат, в — дəншелі қабат, г — ақ зат  

1 — жұлдызша нейроцит, 2 — себетше нейроцит, 3 - алмұрт тəрізді нейроциттердің 

дендриттері, 4 — алмұрт тəрізді нейроциттің денесі (перихарионы), 5 — дəнше 

нейроциттер, 6 — мүк тəрізді жүйке талшықтары. 

 

Ұзын  аксонды  үлкен  жұлдызша  нейроциттердің  саны  аз  болады. 

Олардың  дендриттері  мен  аксондары  дəншелі  қабатта  тармақталып, 

мишықтың  орталығындағы  ак  затка  өтеді.  Бұлар  мишық  қыртысының  түрлі 

аймақтарын  бір-бірімен  өзара  байланыстырып,  аралық  байланыстырғыш 

кызметін атқарады. 

Мишыкка жүйке толкындары мидың баска бөлімдерінен афферентгі мүк 

тəрізді  жəне  өрмелегіш  жүйке  талшыктары  бойымен  келеді.  Мүк  тəрізді 

жүйке  талшықтары  туралы  жоғарыда  баяндалды.  Өрмелегіш  жүйке 



талшыктары  жүлын-мишық  жəне  тепетеңдік-мишық  өткізгіш  жоддары 

құрамында  мишыктың  ақ  затына,  одан  əрі  мишық  кыртысынын  дəншелі 

кабатынан  ганглионды  қабатқа  өтіп,  алмұртша  нейроциттер  дендриттерінде 

синапспен  аяқталады.  Мишықтың  қызметін,  оның  кыртысы  ганглионды 

кабатында  бір  қатарда  орналаскан  жүйке  жасушалары  —  алмұртша 

нейроциттер аткаралы. Оларға жоғарыда аталған жүйке талшыктары аркылы 

келген  қоздырғыш  жүйке  толқындарын  мишық  кыртысы  молекулалы 

қабатыңдағы  жұлдызша,  себетше  жəне  дəншелі  қабаттағы  үлкен  жұлдызша 

нейроциттер  тежейді.  Мишыктың  сұр  жəне  ақ  заттарындағы  тіректік, 

оқшаулау, 

қорғаныс, 

зат 

алмасу 


қызметтерін 

жүйкелік 

глиялар 



473 

 

(протоплазмалық 



жəне 

талшықты 

астроциттер, 

олигодендроцитгер, 

микроглиялар) іс жүзіне асырады. 

Ми  көпірі  (pons)  —  сопақша  ми  мен  ортаңғы  ми  аралығында 

көлденеңінен  орналасқан  ми  бөлігі.  Ми  көпірі  мишықтың  ортаңғы 

аяқшалары (pedunculus cerebellaris medius) арқылы мишықпен жалғасады. Ми 

көпірі дорсальды жəне вентральды бөліктерден құралған. Дорсальды бөлікті 

сопақша  ми  өткізгіш  жолдарының  жəне  V-VIII  ми  жүйкелерінің  жүйке 

талшықтары  мен  торлы  құрылым,  ал  вентральды  бөлікті  ми  көпірінің 

нейроциттер ядролары мен пирамидалы жолдар құрайды. 

Ми  көпірі  ақ  затындағы  өткізгіш  жолдар  үлкен  ми  мен  мишық 

орталықтарын  сопақша  ми  орталықтарымен  байланыстырады.  Оның  сұр 

заттық  ядроларында  үлкен  ми  жəне  мишық  кыртыстарынан  келетін 

орталықтан тепкіш өткізгіш жолдар тұйықталады. Ми көпірінен 5 -інші жұп 

ми жүйкесі шығады. 



Ортаңғы  ми  (mesencephalon)  төрттөмпешік  пен  ми  қақпағынан,  үлкен 

ми аяқшасынан жəне олардың арасындағы түтікше қуыс суқұбырдан тұрады. 

Ортаңғы мидың төрттөмпешігі мен ми қақпағының сұр заты мультиполярлы 

жəне ұршық тəрізді нейроциттер мен олардан түзілген жүйке талшықтарынан 

құралған.  Төрттөмпешік  ортанғы  мидың  жоғарғы  төбесін  құрайды.  Ол 

алдыңғы (ростральды) жəне артқы (каудальды) екі жұп төмпешіктен тұрады. 

Төрттөмпешікті  сыртынан  қаптап  жатқан  сұрзаттық  қабат  көру  жəне  есту 

тітіркеністеріне  шартсыз  рефлекторлық  қозғалыспен  жауап  беретін,  яғни 

бағдарлау рефлекстерін іс жүзіне асыратып орталықтар түзеді. Алдыщы жұп 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1036   1037   1038   1039   1040   1041   1042   1043   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет