Морфология



Pdf көрінісі
бет1063/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1059   1060   1061   1062   1063   1064   1065   1066   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

 


482 

 

206 — сурет. Сиыр йық торабының жүйкелері 

1 — көкірек жүйкелерінің артқы тобы, 

2 — жауырынасты ж., 3 — жауырынүсті ж., 4 — қолтық ж., 5 — кəрі жілік ж., 6 – 

шынтақ ж., 7 — бұлшық ет-тері ж., 8 - көкірек жүйкелерінің алдыңғы тобы, 9 - орталықж., 

10 - дорсальды бақай жж., 11 - пальмарлы бақай жж. 

 

 

207 — сурет. Сиырдың бел жəне құйымшақ тораптарының жүйкелері 



1 — мыкын-кұрсақасты ж., 2 - мықын-шап ж., 3 — жыныс-сан ж., 4 — сан ж., 5 ~ 

алдыңғы бөксе ж., 6 — артқы бөксе ж., 7 — шонданай ж., 8 - жыныс ж., 9 - жапқыш ж., 10 

— артқы тікішек ж., 

11 — санның артқы терілік ж., 12 — асықты жілік ж., 13 – шыбық ж., 14 — анық ж., 

15 — плантарлы жіліншікж ж., 16 — дорсальды жіліншік жж., 17 — бақай жж. 

 

 



Сан  жүйкесі  (n.  femoralis)  жамбас-ортан  жілік  буынының  бүккіш  жəне 

жақындатқыш  бұлшық  еттерін  жəне  артқы  аяқ  ішкі  бетінің  терісін  (анық 

жүйкесі) жүйкелендіреді. 

Жапқыш жуйке (n. obturatorius) жапқыш тесігі арқылы жамбас куысынан 

шығып, жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш жəне жапқыш бұлшық 

еттерін жүйкелендіреді. 

Құйымшақ торабын (plexus sacralis) құйымшақ жүйкелерінің вентральды 

тармақтары  түзеді.  Бұдан  шығатын  жыныс  жəне  артқы  тікішек  жүйкелері 

жыныс мүшелері мен тік ішекті жүйкелендіреді. 

Алдыңғы  жəне  артқы  бөксе  жүйкелері  (nn.  gluteus  cranialis  et  caudalis) 

бөксе бұлшық еттері мен сол аумақтағы теріні жүйкелендіреді. 

Санның  артіды  терілік  жүйкесі  (n.  cutaneus  femoris  caudalis)  боксе  жəне 

сан аумақтарының артқы жағындағы терілерін жүйкелендіреді. 

Шонданай  жүйкесі  (n.  ischialis)—  артқы  аяқтағы  ең  ірі  жүйке.  Ол 

жамбас-ортан  жілік  буынының  терең  бұлшық  еттерін  жүйкелендіріп,  үлкен 

шонданай ойығы арқылы жамбастың сыртқы бетіне шығады да, асыкгы жілік 

жөне шыбық жүйкелеріне ажырайды. 

Асыкты  жілік  жүйкесі  (n.  tibialis)  артқы  аяқтың  ішкі  бетінен  артқы 

бетіне  өтіп,  латеральды  жəне  медиальды  плантарлы  жіліншік  жүйкелеріне 

ажырайды  да,  одан  əрі  плантарлы  бақай  жүйкелеріне  айналады.  Ол  жамбас-

ортан  жілік  жене  тілерсек  буындарының  жазғыш,  бақай  буындарының 

бүккіш  бұлшық  еттерін,  осы  аумақтардағы  сүйектерді,  буындарды,  теріні 

жүйкелендіреді. 

Шыбык  жүйкесі  (n.  peroneus  s.  fibularis)  тілерсек  буынының  бүккіш, 

бақай  буындарының  жазғыш  бүлшық еттерін, осы аумақтардағы сүйектерді, 

буындарды жəне теріні жүйкелендіреді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1059   1060   1061   1062   1063   1064   1065   1066   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет