488
З.Артқы сілекей бөлу орталығының (nucleus salvatorius caudalis)
түйіналды жүйке талшықтары тілжұтқыншақ жүйкесі құрамында мидан
шығып, жырымдалған тесік маңындағы құлақтық ганглий (ganglion oticum)
нейроциттерінде
аяқталады.
Бұл
нейроциттердің
түйінсоңы
жүйке
талшықтары
құлақтүбі, үрт жəне
ерін сілекей бездерін жүйкелендіреді.
4.Іштік орталығының (nucleus parasympathicus n. vagi) түйіналды
миелинді жүйке талшықтары сомалық жүйке талшықтарымен бірігіп, кезеген
жүйкені құрайды. Кезеген жүйке сопақша мидан бөлінгеннен соң, мойын
аумағында симпатикалық бағанның мойын бөлігімен бірігіп, кезеген-
симпатикалық бағанын (truncus vago-sympaticus) түзеді. Көкірек куысына
кіреберісте кезеген жүйке симпатикалық бағаннан ажырайды да, көмекей мен
жұтқыншақты жүйкелеңдіретін сомалық қайтарма жүйкені бөліп, кұрсақ
қуысына енеді. Көкірек қуысындағы мүшелерді (жүрек, өкпе т.б.)
жүйкелендіретін тармақтарды беріп, кезеген жүйке құрсақ қуысына кіріп,
Достарыңызбен бөлісу: