Морфология


Ішкі мүшелер қабырғаларында орналасқан (интрамуральды) жүйке



Pdf көрінісі
бет1080/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1076   1077   1078   1079   1080   1081   1082   1083   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

    Бұл бет үшін навигация:
  • 1-түрі
Ішкі мүшелер қабырғаларында орналасқан (интрамуральды) жүйке 

тораптарының  гистологиялық  құрылысы.  Интрамуральды  жүйке 

тораптары  сыртынан  2-3  қабат  коллаген  талшыктары  мен  олардың 

аралықтарындағы  жасушалардан  құралған  қапшықпен  қапталған.  Жүйке 

торабында  құрылысына  байланысты  нейроциттердің  (Догель  нейроциттері) 

үш  түрі  ажыратылады.  Олар:  1-түрі  —  ұзын  аксонды  эфферентті 

(қозғалтқыш)  нейроциттер.  Бұлардың  тармақталған  көптеген  қысқа 

дендриттері жəне бір ұзын аксоны болады. 

2-түрі  —  біркелкі  өсінділі  афферентті  (сезімтал)  нейроциттер. 

Нейроциттер  өсінділерінің  барлығы  құрылысы  жағынан  бірдей  жəне 

тармақталмаған.  Сондыктан,  бұлардың  өсінділерінің  қайсысы  дендрит, 

қайсысы аксон екенін ажырату қиын. Нейроциттердің 2 - түрінің аксондары, 




489 

 

нейроциттердің  1  -  түрінің  дендриттерінде  синапс  арқылы  аяқталатыны 



тежірибе  жүзінде  анықталған.  Осыған  орай,  оларды  сезімтал  нейроциттер 

дейді. 


3-түрі  —  байланыстырғыш  (ассоциативті)  нейроциттер.  Синапстық 

(синапсалды,  синапссоңы  төмпешіктеріндегі)  көпіршіктердің  мөлшеріне 

сəйкес, нейроциттердің 1 - түрінде: қоздырғыш холинергиялық (диаметрі 40-

60  нм)  жəне  тежегіш  адренергиялық  (диаметрі  30-50  нм)  синапстардың 

болатындығы  анықталды.  Ішек  қабырғаларындағы  жүйке  тораптарының 

құрамында тежегіш пуринергиялық (циаметрі 100 нм) нейроциттер кездеседі. 

Олар  өздерінен  ішектер  қабырғаларындағы  перистальтикалық  рефлекстің 

тежелуін қамтамасыз ететін пурин қосындыларын бөледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1076   1077   1078   1079   1080   1081   1082   1083   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет