Морфология



Pdf көрінісі
бет1096/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   1092   1093   1094   1095   1096   1097   1098   1099   ...   1132
ЕСТУ-ТЕПЕТЕҢДІК МҮШЕСІ 

 

Есту-тепетеңдік мүшесі немесе құлақ (преддверноулитковый орган) ~ 

organum vestibulo-cochlearis s. auris — аттас талдығыштың шеткі қабылдағыш 

бөлімі.  Есту-тепетеңдік  талдағышының  өткізгіш  жолдары  қызметін  есту-

тепетендік жүйкесі атқарады. Орталықтары сопақша ми ядроларында, мишық 

қыртысында жəне үлкен ми қыртысының самай бөлігінде орын тепкен. Есту-

тепетеңдік  мүшесі  қоршаған  ортадан  келетін  дыбысты,  салмақ  күшін 

(гравитациялық), тербеліс, сызықтық жəне бұрыштық əсерлерді қабылдайтын 

сезім  мүшесі.  Ол  екінші  сезімтал  (эпителиосенсорлы)  сезім  мүшелеріне 

жатады.  Құлақ  үш  бөлімнен:  сыртқы,  ортаңғы  жəне  ішкі  құлақтан  тұрады. 

Есту-тепетеңдік  мүшесінің  қабылдағыш  рецепторлары  ішкі  кұлақтың 

жарғақты  шытырманында  орналасады.  Ал  сыртқы  жəне  ортаңғы  кұлақтар 

көмекші құрылымдар қызметін аткарады. 



Сыртқы құлақ (auris externa) құлақ қалқанынан, сыртқы есту жолынан 

жəне дабыл жарғағынан тұрады. Құлақ калқаны ауадағы дыбыс тербелістерін 

қабылдап,  сыртқы  дыбыс  жолымен  ортаңғы  құлақ  арқылы  есту  мүшесі  ішкі 

құлаққа  бағыттайды  жəне  дыбыстың  шыққан  жерлерін  анықтайды.  Бұлшық 

еттерінің  жақсы  жетілуіне  байланысты  кейбір  жануарлардың  құлақтары 

қозғалмалы  (жылқы,  ит

,

  мысық  т.б.)  келеді.  Құлақ  қалқанының  негізін 



сыртынан  терімен  қапталған  эластинді  шеміршек  құрайды.  Терінің  ішкі 

бетінде  қылшықтар,  май  жəне  тер  бездері  болады.  Қылшыктар  майда 

жəндіктер мен шаң-тозаңның сыртқы есту жолына енуіне жол бермейді. Тер 

бездері  кұлақтың  бұлағын  түзетін  пигментті  кілегейлі  сөл  бөліп,  ауадағы 

шаң-тозаңнан  жəне  дабыл  жарғағын  кебірсініп  калудан  сақтайды.  Дабыл 

жарғагы  (membrana  tympani)  қалыңдығы  0,1  мм,  сыртқы  жəне  ортаңғы 

құлақтар  шекарасындағы  жұқа  терілі  перделік.  Дабыл  жарғағына  ортаңғы 

құлақ жағынан балғаша сүйектің тұтқасы бекиді. 



497 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1092   1093   1094   1095   1096   1097   1098   1099   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет