ТЕРІ СЕЗІМІ (СИПАП СЕЗУ) МҮШЕСІ
Тері сезімі мүшесі эпителиосенсорлы сезім мүшелеріне жатады. Оның
рецепторлары тері эпидермисінде орналасады. Тітіркеністерді сезімтал
эпителиоциттер қабылдап, денелері жұлын жүйкелері мен үшкіл ми
жүйкесінің дорсальды түбіршіктері бойында жатқан жүйке ганглийлері
нейроциттерінің дендриттеріне өткізеді. Жүйке толқындары жұлын
ганглийлерінен жұлынға, одан əрі аралық мидың сезімтал қыртысасты, содан
соң, үлкен ми қыртысындағы тері сезімі талдағышының орталықтарына, ал
үшкіл ми жүйкесі ганглийінен тікелей ми орталықтарына жеткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |