көкірек-бел-қүйымшақ сүйегін түзеді. Құс қабырғалары бір-бірімен буын
арқылы байланысқан екі: омыртқалық жəне төссүйектік бөліктерден
тұрады. Қабырғалардың омыртқалық бөліктері бір-бірімен қармақша бүйір
өсінділерімен байланысып, қозғалысы шектеулі көкірек керегесінің бүйірлік
қабырғасын құрайды. Төссүйекпен байланыспайтын алдынғы 2-3 жəне соңғы
қабырғаларды астернальды, ал байланысатын қабырғаларды стернальды
қабырғалар — деп атайды. Ұшатын құстарда төссүйек қыры жақсы, ал
қалықтайтын жəне жүгіретін құстарда нашар жетілген. Төссүйекте бірнеше
өсінділер болады. Құйрык омыртқалары тауықта — 5, үйрек пен қазда - 7.
Соңғы құйрық омыртқалары бірігіп, бағыттағыш сүйекті (пигостиль)
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |