Ұрғашы құстарда тек сол жақтағы жыныс мүшелері жақсы жетілген.
Сол жұмырткалықта жұмыртқа жасушаларының даму процесі жүреді, Сол
жұмыртқа жолы бес бөлімнен: кұйғыштан, белоктық бөліктен,
мойыншықтан, құс жатырынан жəне қынаптан тұрады. Құйғыш
куысында жыныс жасушалары кездесіп, ұрықтану процесі жүреді. Ең ұзын
бөлік — белоктық бөлік. Оның қабырғасындағы бездер жұмыртқаның
белоктық қабығын (ақуыз) түзеді. Мойыншықта белоктың сыртындағы екі
қабаттан тұратын жұқа қабық пайда болады. Оның қабаттарының
аралығында, жұмыртқаның доғал ұшында ауалы камера қалады. Құс жатыры
қабырғасындағы бездер тұзды ертінді бөліп, жұмыртқаның ізбест қабығымен
қапталуын қамтамасыз етеді. Қынапта толық жетілген жұмыртқа уақытша
сақталып, клоака арқылы сыртқа шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |