Ac қорыту жүйесінің бас бөлімінде тіс, қызыл иек, ерін, ұрт, жұмсақ
тандай болмайды. Өңештің көкірек қуысына кіреберіс бөлігінде жемсау
(ingluvies) болады. Оның қуысында қатты дəндер уақытша сақталып, жемсау
бездері сөліне бөгіп жібиді. Құстың қарны екі: безді жəне етті бөлімнен
тұрады. Қарынның безді болімі қабырғасында асқорыту сөлін бөлетін
бездер болады. Қарынның етті бөлімінде безді қарын сөлі сіңген азық
механикалық жəне химиялық өңдеулерден өтіп, қорытыла бастайды.
Орталық бөлім мүшелері жануарлар мүшелеріне ұқсас. Артқы бөлімде тоқ
ішек болмайды, оның есесіне екі бүйен болады. Тік ішек клоаканың алдыңғы
бөлігіне ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |