Морфология


 - сурет. А - Бірқабатты көпқатарлы призма тəрізді кірпікшелі эпителий



Pdf көрінісі
бет160/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   1132
 

44 - сурет. А - Бірқабатты көпқатарлы призма тəрізді кірпікшелі эпителий 

I - кірпікшелі эпителиоциттер, 2 - ендірме эпителиоциттер, 3 — кұты тəрізді 

жасушалар (біржасушалы без), 4 - негіздік жарғақ, 5 - борпылдақ дəнекер ұлпасы. 

 Б - кірпікшелі эпителий ұлпасының оқшауланған жасушалары 

 

 

Кірпікшелер кілегейді  тыныс  жолдарымен сыртқа  қарай  қозғап  ағызып, 



жинақтап,  қақырыққа  айналдырады.  Аталған  эпителиоциттер  тыныс 

жолдарының  қабырғасын  шектеумен  қатар,  қорғаныс  қызметін  атқарады. 

Эпителий  қабатының  кұрамында  тым  аласа  түйіршікті  базальды  жасушалар 

да 


кездеседі. 

Олар 


— 

биологиялық 

белсенді 

заттар 


бөлетін 

эндокриноциттер.  Бірқабатты  көп  қатарлы  призма  тəрізді  кірпікшелі 

эпителий  —  деп  аталу  себебі,  эпителийдің  барлық  жасушалары  бір  қабатта 

орналасып,  негіздік  жарғақпен  жанасады.  Бірақ,  эпителиоциттерінің  биіктігі 

əр  түрлі  болғандықтан,  олардың  ядроларының  пішіндері  де  əр  түрлі  болып, 

олар  əр  түрлі  деңгейде  орналасып,  көп  қатар  түзеді.  Жұмыртқа  жолы 

кілегейлі  қабығын  астарлайтын  кірпікшелі  эпителий  жасушаларының 

кірпікшелері  жұмыртқа  жасушалардың  (овоциттердің)  жұмыртқа  жолы 

қуысымен жатырға қарай қозғалуын қамтамасыз етеді. 

Бірқабатты  көп  қатарлы  кірпікшелі  эпителий  мезодермадан  (ен 

қосымшасының  өзегі  жəне  жұмыртқа  жолы  қабырғаларының  эпителий 

қабаттары)  жəне  энтодермадан  (тыныс  жолдары  мүшелерін  астарлайтын 

эпителий қабаттары) дамиды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет