Морфология


 - сурет. Егеукұйрық миындағы ісіктен алынған жүйкелік глия



Pdf көрінісі
бет17/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

 

1 - сурет. Егеукұйрық миындағы ісіктен алынған жүйкелік глия 

жасушаларының біркабатты өскінінің микрофотографиясы 

(Л. Субрахманян бойынша). 

Фазалық контрасты микроскоптың кіші объективіндегі көрініс 

 

Мезгілімен  қоректік  ортаны  жаңартып,  таза  ыдыстармен  ауыстырып 



отырса, онда өскін жасушалары өздерінің тіршілік жəне тұқым қуалаушылық 

қасиеттерін  айлап,  жылдап  сақтай  отырып,  үздіксіз  көбейіп  өсіп, 

гистологиялық 

зерттеулерге 

керекті 

эпителиоциттер, 

фибробласттар, 

миоциттер,  макрофагтар  (алып  жемір  жасушалар)  жəне  т.б.  əр  түрлі 

жасушалар  катарларларын  жасайды.  Казіргі  кезде  көптеген  елдердің 

морфологиялық  ғылыми  зерттеу  орталыктарында  жасанды  қоректік  ортада 

өсірілген  жасушалар  қатарлары  баршылық  жəне  олар  ұзақ  жылдар  бойы 

зертханалық  жағдайда,  соңғы  кезде  қол  жеткен  гистологиялық  əдістерді 

қолдана  отырып,  ғылыми  зерттеу  жүмыстарын  жоғары  деңгейде  жүргізуге 

мүмкіңдік  беріп  отыр.  Аталған  жасушалар  қатарлары  өз  кезегінде  жасанды 

ортада  өсірілген  жасушалардың  тіршілік  жағдайларын  (көбею,  өсу,  қозғалу, 

жетілу  кезендерін)  зерттеуге  қызмет  ете  отырып,  микроморфология  ілімінің 

дамуына  үлкен  үлес  қосуда.  Жасанды  ортада  өскен  өскін  жасушаларын 

зерттеу 


жасушалардың 

жетілуі 


мен 

дамуы, 


қалыпты 

жағдайдағы 

жасушалардың  түрлі  əсер  етуші  факторлар  ықпалына  байланысты  өзгеруі, 

олардың 


қатерлі 

ауру 


жасушаларына 

айналуы, 

өсу 

барысындағы 




15 

 

жасушалардың  бір-біріне  өзара  əсерлері,  өскін  жасушаларына  бактериялар 



мен  вирустардың  ыкпалы  жəне  жасушалардын  оларға  қарсы  жауап 

реакциясы,  дəнекер  ұлпалары  жасушаларының  жасушааралық  заттарды,  ал 

эндокринді  мүшелер  жасушалардың  гормондар  түзудегі  қызметтері  туралы 

құнды  ғылыми  мөліметтер  жинауға,  сөйтіп,  адам  мен  жануарлар 

организмдері  жасушаларының  өсуі  мен  жетілу  процестеріңдегі  бұрын 

белгісіз  көптеген  заңдылықтардың  ашылуына  мүмкіндік  беруде.  Ал  даму 

сатысындағы  ұрықтың  ұлпалары  мен  мүшелерін  жасанды  қоректік  ортада 

өсіріп, оларды зерттеу, ұрық организмі эмбриогенезіндегі ұлпалардың дамуы 

мен қалыптасу заңдылықтарының жаңа тұстарын ашуға көмектеседі. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет