16
Бекітілген (фиксациядан өткен) организм мүшелерін, ұлпаларын жəне
жасушаларын зерттеу əдісі. Жануарлар организмдері мүшелерін, ұлпаларын,
жасушаларын микроскоппен зерттеудің морфологияда қалыптасқан əдісі —
организмнен алынған мүшелер ұлпалары мен жасушаларының тірі күніндегі
құрылысын бекіткіш еріұлпаділерге (фиксаторларға) салып сақтау. Ол үшін
дене
мүшелерінен
кесіп
алынған
кесекшелер
жасушалары
лизосомаларындағы еріткіш ферменттерді бекіткіш заттар еріұлпаділерінің
көмегімен
жедел
бейтараптандырып
бекітеді.
Гистологиялық
препараттардағы
жасушалық,
бейжасушалық
жəне
жасушааралық
құрылымдарды бір-бірінен анық ажырату үшін, бекітілген кесекшелерден
дайындалатын
жонынды
кесіктерін
арнайы
бояулармен
бояйды.
Гистологиялық препараттарды дайындауға түрлі жануарлар организмдерінен
алынған жұқа үлдір мүшелердің (шажырқай, іш перде, жұлын мен ми
қабықгары, өкпекап-плевра, жүрекқап т.б.) кесінділері, организмнің сұйық
заттарының (қан, жұлын-ми сұйығы, сүйек майы, қақырық, шəует т.б.)
нысандық шыныға жаққан жағындылары мүшелерден кесіп алынған
кесекшелердің тым жұқа жонында кесіктері пайдаланылады.
Микроскопиялық зерттеуге гистологиялық препараттарды дайындау
процесі төмендегідей кезеңдерден тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: