Морфология



Pdf көрінісі
бет193/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

нормоциттер  жетіледі.  Бұлардың  ядролары  тығыздалып,  қызметін 

тоқтатады.  Оксифилді  нормоциттер  бұдан  кейін  бөлінбейді.  Ядролар 

біртіндеп  жасушалардан  ығыстырылып  сыртқа  шығарылады  да,  оксифилді 

нормоциттер  жас  эритроциттерге  (ретикулоциттерге)  айналады.  Нормо-

циттер ядроларын сүйектің қызыл кемігі майындағы макрофагтар фагоцитоз 

арқылы  жояды.  Ретикулоциттер  сүйектің  қызыл  кемігі  майынан  қан 

тамырларындағы  қанға  шығарылады.  Жас  немесе  балғын  эритроциттердің 

ретикулоциттер 

деп 

аталуының 



себебі, 

олардың 


цитоплазмасында, 

құрамында РНҚ болатын эндоплазмалықтор біраз уақыт сақталады. Сүйектің 

қызыл  кемігі  майындағы  эритропоэз  процесінің  белсенді  жүруін  бүйректе 

түзілетін  гликопротеидті  эритропоэтин  гормоны  реттейді.  Организмдегі 

оттегінің  жетіспеуі  бүйректен  эритропоэтин  гормонының  көп  мөлшерде 

бөлінуіне ықпал етеді. Гормон өз кезегінде сүйектің қызыл кемігі майындағы 

эритропоэз  процесінің  белсенді  жүруіне  əсерін  тигізіп,  кемік  майынан  пісіп 

жетілген эритроциттердің қанға өтуін қамтамасыз етеді. 



Гранулоцитопоэз  —  сүйектің  қызыл  кемігі  майында  жүретін  дəншелі 

(гранулалы)  лейкоциттердің  түзілу  процесі.  Гранулоцитопоэз  процесінде 

қанның  көп  мүмкіндікті  діңгекті  жасушаларынан  көп  мүмкіндікті  жартылай 

діңгекті  жасушалар,  олардан  бір  мүмкіндікті  бастама  жасушалар  жетіледі. 

Бұлардан 

цитоплазмаларында 

дəншелер 

пайда 


болатын, 

кезегімен 

промиелоциттер,  миелоциттер,  метамиелоциттер  (балғын  гранулоциттер), 

таяқша  ядролы  гранул  оциттер,  бұлардан  сегментті  ядролы  гранул  оциттер 

дамып  жетіледі.  Сегментті  ядролы  гранулоциттер  цитоплазмаларындағы 

дəншелердің  əр  түрлі  бояулармен  боялу  сипатына  сəйкес,  олардың  үш  түрі 

ажыратылады. Олар: нейтрофилдер, эозинофилдер жəне базофилдер. 

Гранулоцитопоэздің  осы  алдыңғы  үш  жасушалар  генерациял  ары  (көп 

мүмкіндікті  діңгекті  жасушалар,  көп  мүмкіндікті  жартылай  діңгекті 

жасушалар,  бір  мүмкіндікті  бастама  жасушалар)  құрылысы  жағынан  бір-

біріне ұқсас, олардың бəрі кіші лимфоциттер сияқты. Бір мүмкіндікті бастама 

жасушалардан 

мөлшері 

ірі 


келген 

миелобласттар 

дамиды. 


Миелобласттардың  ірі  ядролары  жасушалардың  ортасында  орналасады. 


120 

 

Олардың  солғын  базофилді  цитоплазмасынды  аздаған  азур  сүйгіш  немесе 



біріншілік  дəншелердің  пайда  бола  бастағаны  байқалады.  Миелобласттар 

митоз  арқылы  бөлініп,  ірі  промиелоциттерге  (20  -  25  мкм)  айналады. 

Промиелоциттердің  ірі  ақшыл  келген  сопақ  немесе  дөңгелек  ядроларында 

бірнеше  ядрошық  болады.  Ядро  маңындағы  цитоплазмада  жақсы  жетілген 

Гольдж 

кешені 


мен 

лизосомалар 

жəне 

центросома 



орналасады. 

Промиелоциттер цитоплазмасында біріншілік (азурсүйгіш) дəншелер болады, 

ал  екіншілік  арнайы  дəншелер  болмайды.  Промиелоциттер  митоз  арқылы 

бөлініп, боялу сипатына сəйкес үш турлі миелоциттерге ажырайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет