Морфология


Дəнекер  ұлпаларының  жасушааралық  затын



Pdf көрінісі
бет207/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   1132
Дəнекер  ұлпаларының  жасушааралық  затын  негізгі  пішінсіз 

(аморфты) зат жəне коллаген, эластин, ретикулин талшықтары құрайды. 

Коллаген  жəне  эластин  талшықтарын  фибробласттар,  ал  ретикулин 

талшықтарын 

ретикулоциттер 

жасайды. 



Коллаген 

талшықтары 

тропоколлаген  белогінің  молекулаларынан  құралған.  Олар  борпылдақ 

дəнекер ұлпасында əр түрлі бағытта бір-бірімен торлана орналасып, тіректік 

қызмет  атқарады.  Коллаген  талшықтарын  қайнатқанда  жануарлар  желіміне 

айналады.  Коллаген  талшықтары  бұлшық  еттер  сіңірлері  мен  буын 

байламдарын,  тері  қабаттарын  құрайды.  Эластин  талшыктарын  серпімді 

қасиеті  бар  эластин  белогі  түзеді.  Олар  коллаген  талшықтарына  қарағанда 

жіңішке  болып  келеді.  Борпылдақ  дəнекер  ұлпасында  эластин  талшықтары 

коллаген  талшықтары  аралығында  торлана  орналасып,  созылып  жəне 

бұрынғы  қалпына  келіп,  серпімділік  қызметін  атқарады.  Ретикулин 

(аргирофилді)  талшықтары  химиялық  құрамы  мен  құрылысы  жағынан 

коллаген  талшықтарына  ұқсас.  Айырмашылығы,  олар  коллаген  талшықтары 




127 

 

сияқты  ірі  шоғыр  будалар  түзбейді.  Негізгі  аморфты  зат  —  борпылдақ 



дəнекер 

ұлпасының 

жасушалары 

мен 


талшықтары 

аралықтарында 

орналасқан  пішінсіз  мөлдір  құрылым.  Оның  құрамына  қан  белоктары, 

гормондар,  амин  қышқылдары,  қант,  су  тағы  басқа  заттар  кіреді.  Аморфты 

зат арқылы ұлпа сұйығы үздіксіз қозгалыста болып, ағып жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет