Морфология


Бірыңгай  салалы  жолақсыз  ет  ұлпасын



Pdf көрінісі
бет232/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Бірыңгай  салалы  жолақсыз  ет  ұлпасын  пішіні  ұршық  тəріздес 

ұзынша  келген  ет  жасушалары  —  миоциттер  құрайды.  Бірыңғай  салалы 

жолақсыз  ет  ұлпасы  еріксіз  жиырылады.  Аталмыш  ұлпа  ішкі  мүшелердің, 

қан  жəне  лимфа  тамырларының,  без  өзектеріның,  көкбауырдың,  терінің, 




137 

 

еріксіз  жиырылатын  етті  қабықғары  мен  қабаттарын  түзеді.  Ұлпа 



миоциттерінің  мөлшері  мүшелердің  құрылысы  мен  физиологиялық 

жағдайларына байланысты, ұзындығы -20 мкм -ден 500 мкм -ге, ені — 6 мкм 

-ден  20  мкм  -ге  дейін  өзгеріп  отырады.  Олардың  ұзынша  келген  ядролары 

жасушалардың  ортаңғы  жуандау  келген  тұсында,  ал  органеллалары  мен 

гликоген  түйіршіктері  ядро  маңындагы  цитоплазмада  орналасады.  Миоцит 

цитоплазмасында  жиырылу  процесін  іс  жүзіне  асыратын  белокты  жіпшілер 

—  миофибриллалар  (арнайы  органеллалар)  жасушаның  ұзын  бойымен 

бойлай  орналасады.  Олар  кезегімен  орналасқан  актин  жəне  миозин 

миофиламенттерінен 

құралған. 

Миозин 

миофиламенттері 

актин 

миофиламенттеріне  қарағанда  3-24  есе  жуан.  Жиырылу  процесі  кезінде 



аталған  миофиламенттер  бір-біріне  жанаса  еніп,  қысқарады.  Миоциттер 

сыртынан  екі  қабат  қабықшамен:  сыртқы  негіздік  жарғақпен  жəне  ішкі 

миоцит  плазмолеммасымен  қапталған.  Бұлардың  аралығында  ені  15-20  нм 

кеңістік қалады. Миоциттер бір-бірімен тым жіңішке коллаген жəне эластин 

талшықтары  аралықтарымен  өзара  байланысып  жатады.  Бұл  аралықтар 

эндомизий  -  деп  аталады.  Ондаған  миоциттер  бір-бірімен  тығаз  (десмосома, 

нексус,  тығыз  байланыс)  дəнекерлене  байланысып,  бірыңғай  салалы  ет 

ұлпасының  құрылымдық  бірлігі  —  миоциттер  шоғырларын  жасайды. 

Олардың  арасында  ет  ұлпасын  қоректендіретін  жəне  оның  қызметін 

реттейтін  қан,  лимфа  тамырлары  мен  жүйкелер  отетін,  дəнекер  ұлпалық 

аралықтар  қалады.  Бұл  аралықтар  перимизий  —  деп  аталады.  Бірыңғай 

салалы  ет  ұлпасының  қабықтары  мен  қабаттары  сыртынан  дəнекер  ұлпалық 

қапшықпен қапталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет