Морфология


Эмбриондық  жарғақтық  остеогенез



Pdf көрінісі
бет228/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   1132
Эмбриондық  жарғақтық  остеогенез  сүйек  ұлпасының  тікелей 

ұрықтық  дəнекер  ұлпасы  —  мезенхимадан  даму  процесі.  Жарғақтық 

остеогенез  арқылы  бассүйектің  жабынды  жалпақ  сүйектері  дамып  жетіледі. 

Ұрықтың  алғашқы  даму  сатыларында  мезенхима  жасушалары  белсенді 

бөлініп,  остеобласттарға  айналады.  Олар  өздерінен  талшықты  дəнекер 

ұлпалық  жарғақтан  тұратын  сүйек  ұлпасының  жасушааралық  затын  түзеді. 

Жетілген остеобласттар жасушааралық затты түзу процесін тоқтатып, өздері 

түзілген  жасушааралық  заттың  арасыңда  қалып,  остеоциттерге  айналады. 

Өсінділі  тармақты  остеоциттер  бір-бірімен  өсінділері  арқылы  жанаса 

жалғасып, жасушааралық затта остеоциттер денелері орналасқан шұңқырлар 




135 

 

(лакуналар) жəне өсінделері жатқан сүйек өзекшілерін түзеді. Жасушааралық 



затты құрайтын коллаген талшықтар шоғырлары тұздар ерітінділерін сіңіріп 

қатайып,  алдыңғы  кезде  ірі  талшықты  сүйек  ұлпасына  айналады.  Кейіннен, 

мезенхимадан  түзілген  остеокласттар  ірі  талшықты  сүйек  ұлпасын  ерітіп 

бұзады. Ал остеобласттар қайтадан жаңа пластинкалық сүйек ұлпасын түзеді. 

Нəтижесінде біріншілік сүйек ұлпасы жетіледі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет