медиальды беттер — деп аталады. Ал алдыңғы жəне артқы аяқтардың артқы
беттері əр түрлі аталады. Алдыңғы аяқтың артқы беті пальмарлы немесе
волярлы (лат. palma, vola — алақан) бет, ал артқы аяқтың артқы беті —
плантарлы (лат. planta — табан) бет — деп аталады.
Түтікше құрылымдық заңы. Жануарлар организмдерінің көптеген
мүшелерінің (азық қорыту, тыныс алу, зəр бөлу, көбею мүшелері, қан жəне
лимфа тамырлары) құрылысы түтік тəрізді болып келеді. Түтікше
мүшелердің іші куыс, қабырғасы қабаттаса орналасқан үш қабықтан
кұралған. Түтікше мүшелердің құрылысы — материалды үнемдеу заңының
көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: |