Морфология



Pdf көрінісі
бет272/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

3.  Екіжақтылық  немесе  билатеральды  (лат.  bi  —  екі,  latus  —  бүйір) 

симметрия, болмаса антимерия (грек, anti — қарама-қарсы, meros — бөлік) 

зандылығы.  Жануарлар  денесін  омыртқа  жотасының  қыры  арқылы  дене 

білігін  бойлай  жүргізілген  тек  бір  ғана  орталық  (медиальды,  лат.  medius  — 

орталық)  сагиттальды  (лат.  sagitta  —  жебе)  жазықтық  қана  тепе-тең  екі 

бөлікке  бөледі.  Дене  бөліктерінің,  не  мүшелерінің  орталық  жазықтыққа 

қараған  ішкі  бетін  медиальды,  ал  бүған  қарама-қарсы  жақтағы  дене 

мүшелерінің сыртқы бүйір бетін латеральды беттер — деп, аталған беттерге 

байланысты  дене  бағыттарын  медиальды  жəне  латеральды  бағыттар  — 

дейді. 


Эмбриондық  кезеңдегі  біліктік  мүшелерге  (хорда,  жүйке  жəне  ішек 

түтіктері) немесе ересек жануарлар денесінің арқасына (лат. dorsum — арқа) 

ойша  параллельді  жазықтықтар  жүргізуге  болады.  Бұларды  дорсальды 

немесе  фронтальды  (лат.  frons  —  маңдай)  жазықтықтар  —  деп  атайды. 




155 

 

Аталған  жазықтықтарға  байланысты  жануарлар  денелерінде  бір-біріне 



қарама-қарсы  орналасқдн  екі  бағытты  анықтауға  болады.  Олар:  аталған 

жазықтықтардан дененің арқасына қарай дорсальды, олардан дененің төменгі 

бетіндегі құрсағына (лат. ventrum — құрсақ) қарай вентральды багыттар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет