Морфология



Pdf көрінісі
бет386/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   1132
V тілерсек сүйек (V - заплюсневая кость) — os tarsi quintum — барлық 

жануарларда  IV  тілерсек  сүйекпен,  ал  күйіс  қайтаратын  жануарларда 

бұған қоса орталық тілерсек сүйекпен бірігіп кеткен. 



Артқы жіліншік сүйектер (кости плюсны) — ossa metatarsi — алдыңғы 

жіліншік  сүйектеріне  ұқсас,  бірақ  оларға  қарағанда  ұзындау  жəне  пішіні 

дөңгелектеу жəне жұмырлау келеді. 

Артқы  аяктың  бақай  сүйектері  алдыңғы  аяқтың  бақай  сүйектеріне 

ұқсас. Тек, жылқының тұсамыс жəне топай сүйектері алдыңғы аяқтың бақай 

сүйектеріне қарағанда қысқалау келеді. 

 

Артқы аяқ қаңқасының сүйектері бойынша бақылау сұрақтары: 



 

1. Артқы аяқ қаңқасы қандай бөлімдер мен бөліктерге бөлінеді? 

2.  Жамбас  белдеуінің  қаңқасы  —  жамбас  сүйек  қандай  сүйектерден  тұрады? 

Олардың  құрылысы  мен  жануарлардың  түрлеріне  байланысты  ерекшеліктерін  еске 

түсіріңіз. 

3. Артқы аяқтың еркін қозғалатын бөлімін қандай сүйектер құрайды? 

4.  Ортан  жіліктің  құрылысын  қайталап,  жануарлар  түрлеріне  байланысты  құрылыс 

ерекшеліктеріне көңіл аударыңыз. 

5.  Сирақ  сүйектерінің  (асықты  жілік  жəне  шыбық  сүйек)  құрылысы,  олардың 

жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері. 

6.  Артқы  аяқ  басы  сүйектерінің  (тілерсек,  артқы  жіліншік,  бақай  сүйектері) 

Құрылысы жəне олардың жануарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері. 

7. Артқы аяқ қаңқасы тақырыбы мəтініндегі қазакша-латынша терминдерді сөздікке 

көшіріп алып, оларды жаттаңыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   382   383   384   385   386   387   388   389   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет