Морфология


ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БУЫНДЫ БАЙЛАНЫСЫ



Pdf көрінісі
бет390/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   1132
ҚАҢҚА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БУЫНДЫ БАЙЛАНЫСЫ 

 

Буынды байланыс (суставное соединение) — diarthrosis — сүйектердің 

қозғалмалы  байланысын  қамтамасыз  етіп,  организмдегі  түрлі  қимыл 

қозғалыстарды  іс  жүзіне  асырады.  Буынды  кұрайтын  сүйектер  бастары 

аралықтарындағы  буын  куысында  қоймалжың  сұйық  синовия  (synovia) 

болады. 

Буын  (сустав)  —  articulatio  —  құрылысына  байланысты  қарапайым 

жəне күрделі болып екіге бөлінеді. Кдрапайым буынды тек екі сүйектің буын 

бастары  құрайды.  Олардың  аралығында  бір  буын  қуысы  болады.  Күрделі 

буындарды түзетін негізгі сүйектердің буын бастары аралығында бір немесе 

бірнеше  қатарда  орналасқан  майда  сүйектер,  болмаса  шеміршектер  болады. 

Сондықтан,  олардың  аралықтарында  екі  не  одан  да  көп  синовияға  толған 

буын куыстары қалады. 

Буындардағы  қозғалыстардың  түрлері  буынды  түзетін  сүйектер 

бастарының  пішініне  байланысты  болып  келеді.  Пішіні  цилиндр,  шығыр, 

бұранда  тəрізді  сүйек  бастары  буындағы  қимылдың  тек  бір  біліктің  (осьтің) 

бойымен,  пішіні  сопақ  жəне  ер  тəрізді  сүйек  бастары  екі  біліктің,  ал  шар 

тəрізді  сүйек  бастары  үш  не  одан  да  көп  біліктің  бойымен  қозғалуына 

мүмкіндік  береді.  Осыған  орай,  атқаратын  қызметтеріне  сəйкес  буындар  бір 

білікті,  қос  білікті  жəне  көп  білікті  буындарға  ажыратылады.  Буындардағы 

қозғалыстарды бір-біріне қарама-қарсы бағыттарда жүретін бірнеше топтарға 

бөледі.  Олар: жазылу (экстенсио) жəне бүгілу (флексио), алыстау (абдукцио) 

жəне  жақындау  (аддукцио).  Айналу  (ротацио):  сыртқа  айналу  (супинацио) 

жəне  ішке  айналу  (пронацио)  болып  екі  қарама-қарсы  қозғалыстарға 

ажырайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет