Морфология



Pdf көрінісі
бет400/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   1132
Күйісті  жануарларда  аталған  буындардың  пішіндері  ер  тəрізді  болып 

келедіде,  қос  білікті  буындарға  жатады.  Бұл  буындар  жоғары-төмен  жəне 

алға-артқа қозғалады. 

Стернальды  қабырғалар  шеміршектері  төссүйекпен  төссүйек-қабырға 



буындарын (articulatio sterno-costales) құрайды. 

Төссүйек  бөліктері  бір-бірімен  өзара  синхондроз  арқылы,  ал  күйіс 



қайтаратын  жануарлар  мен  шошқада  төссүйек  тұтқасы  мен  төссүйек 

денесі  буын  арқылы  байланысады.  Төссүйектің  ішкі  бетінде  байламдар 

болады. 

 

Алдыңғы аяқ сүйектерінің байланысы 



 

Жауырын  мен  тоқпан  жілік  дене  тұлғасымен  жəне  баспен  синсаркоз, 

кейбір  тізе  сүйектері  жəне  жылқыда  кəрі  жілік  пен  шынтақ  сүйек  синостоз 

арқылы  байланысады.  Ал  алдыңғы  аяқ  сүйектері  өзара  байланысып, 

құрылысы  мен  қызметі  түрліше  буындар  түзеді.  Олар:  иық,  шынтақ,  тізе 

жəне бақай буындары. 



Иық  буыны  (articulatio  humeri)  жауырынның  буын  ойысы  мен  тоқпан 

жілік  басынан  құралған,  құрылысы  қарапайым,  қызметі  жағынан  көп  білікті 

(пішіні  шар  тəрізді)  буын.  Буындағы  қозғалыстардың  түрлері:  экстенсио, 

флексио, аддукцио, абдукцио, супинацио,  пронацио.  Жылқының  иық  буыны 

қапшығында  буынның  сыртқа,  ішке,  бүйірге  жəне  бүгілу  қозғалыстарын 

шектеп,  буын  байламдарының  қызметін  атқаратын  қиғаш  сіңірлі  шоғырлар 

болады. Олар буъш қапшығының құрамында жауырын төмпегінен басталып, 

дорсолатеральды жəне дорсо-медиальды бағыттарда ажырап, тоқпан жіліктің 

латеральды жəне медиальды төмпешіктеріне барып аяқталады. 

Шынтақ  буыны  (articulatio  cubiti)  тоқпан  жіліктің  дистальды  буын 

шығыры мен кəрі жілік жəне шынтақ сүйектің проксимальды эпифиздерінің 

буын  беттерінен  түзілген,  күрделі  жəне  бірбілікті  буын.  Буын  қапшығының 

сыртқы  жағындағы  екі  қапталында  латеральды  жəңе  медиальды  бүйір 

байламдары  (ligamentum  collateralе  laterale  et  mediale)  болады.  Буындағы 

қозғалыстар: экстенсио жəне флексио. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет