Морфология


сиырда - 42,0% -ын, - 47,0%-ын, ұсақ малдарда



Pdf көрінісі
бет414/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   1132
сиырда - 42,0% -ын, - 47,0%-ын, ұсақ малдарда - 34,0%, шошқада - 31,0% -

ын құрайды. Бұлшық ет құрамының  75,0% -ы су, 1,0% -ы минералдық тұздар 

жəне  24,0%-ы  органикалық  қосылыстар.  Органикалық  қосылыстар  ішінде:  

бнлоқтар - 20,2%, майлар - 2,0%, көмірсулар - 0,6%, май тəрізді белок заттар 

–  0,8%,

 

азотты  экстрактавті  заттар  —  0,4%.  Бұлшық  ет  түсінің  əр  түрлі 



болуы,  оның  ет  талшықтары  саркоплазмасындағы  темір  молекуласымен 

байланысқан миоглобин белокты пигментінің мөлшеріне байланысты.     

 

Бұлшық еттердің түрлері 

 

Ішкі  құрылымына,  пішініне,  орналасу  орнына,  басталатын  аяқталатын 

орындарына,  атқаратын  қызметіне  байланысты  бұлшық  еттер  алуан  түрге 

бөлінеді.  Ішкі  құрылысына  байланысты  бұлшық  еттер:  қарапайым  жəне 

қауырсынды  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Қарапайым  бұлшық  еттердің  ет 

талшықтары  бұлшық  еттің ұзын білігіне параллельді орналасады. Бұлар тым 

күшті  жиырлып  көп  жұмыс  атқарады.  Бірақ  тез  шаршап  қалады.  Бұл  топқа 

негізіне аяқтардын  бұлшық еттері жатады. Қауырсынды бұлшық еттердің 

ет  талшықтары  бұлшық  ет  ұзындығына  қиғаш  орналасады.  Ішкі  құрылысы 

жағынын  олар:  бір,  қос  жəне  көп  қауырысынды  бұлшық  еттер  болып 

бөлінеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет