Морфология



Pdf көрінісі
бет430/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   1132
3.  Иық-атлант  (атлант-акромион)  бұлшық  еті  (m.  omotransver-sarius  s. 

m.  atlantoacromialis)  атлант  қанатынан  басталып,  жауырын  акромионында 

аяқталады. 

Ерекшеліктері.  Атлант-акромион  бұлшық  еті  акромионы  бар 

жануарларда  жақсы  жетілген,  жылқыда  болмайды,  шошқада  тым  жіңішке 

таспа тəрізді болып келеді. 

Қызметі.  Жауырынның  дистальды  бөлігін  алға  қарай  тартып,  осы 

бағытта алдыңғы аяқтың жылжуын қамтамасыз етеді. 



4.Тісше  вентральды  бұлшық  ет  (m.  serratus  ventralis)  мойын  жəне 

көкірек бөліктерден тұрады. Мойын бөлігі соңғы 4-5 -інші мойын 

омыртқаларының  көлденең  өсінділерінен,  ал  көкірек  бөлігі  бірінші  6-7-

інші  қабырғалардың  сыртқы  бетінен  басталып,  жауырынның  медиальды 

бетіндегі тісше беттер мен тісше сызықтарға барып аяқталады. 

Ерекшеліктері.  Сиыр  мен  ұсақ  малдарда  тісше  вентральды  бұлшық 

еттің мойын жəне көкірек бөліктері жауырынға дараланып бекиді. 



Қызметі. Тұлғаның екі жағындағы аттас бұлшық еттер бірігіп, тұлғаны 

жауырын  аралығына  асып  тұрады.  Мойын  бөліктері  мойынды  көтеруге,  ал 

жеке  жиырылғанда  олардың  əр  қайсысы  мойынды  өз  жағына  қарай  июге 

қатысады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет