Экстензорлар: 1. Қыралды бұлшық еті (m. supraspinatus)
жауырынның қыралды шұңқырынан басталып, өзінің екі ұшымен тоқпан
жіліктің үлкен жəне кіші төмпешіктерінде аяқталады. Бұлшық етгі сыртқы
жағынан трапеция тəрізді жəне атланткрамион бұлшық еттері жауып жатады.
Ерекшеліктері. Жылқы мен шошқада қыралды бұлшық еттің алдыңғы
бөлігі терең кеуде бұлшық етінің жауырыналды бөлігімен қосылып кетеді.
Итте аталған бұлшық еттің медиальды ұшы нашар жетілген.
Қызметі. Қыралды бұлшық еті иық буынын жазады.
2. Құс тұмсықша-тоқпан жілік бұлшық еті (m. coracobrachialis)
жауырынның құс тұмсықша өсіндісінен басталып, тоқпан жіліктің дөңгелек
бұдыры маңында аяқталады. Бұлшық ет иық буыны мен тоқпан жіліктің
медиальды бетінде орналасады. Оны сыртынан терең кеуде бұлшық еті
жауып жатады.
Қызметі. Бұл бұлшық ет экстензор қызметін атқарумен қатар,
жақындатқыш бұлшық етке (аддукторға) көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |