С с - əрпі е, і, у дауысты дыбыстарының жəне ае, ое дифтонгтарының
алдында "ц" болып оқылады. Мысалы, cerebellum (цэрэбэллум) — мишық,
acidum (ацидум) қышқыл; cytus (цитус) - жасуша, клетка; caecum (цэкум) —
бүйен; соеіlа (цэлиа) — дене қуысы. Ал басқа дыбыстардың алдында "к"
болып оқылады. Мысалы, caput (капут) — бас; crista (криста) қыр; lac (лак) —
сүт.
L 1 — "ль" болып оқылады. Мысалы, animal (анималь) — жануар;
colium (кольлюм) — мойын; labium (лябиум) — ерін.
Q q — "кв" болып о0ылады. Мысалы, aqua (аква) - су; liquor (ликвор) —
сұйық.
S s - "с", ал дауысты дыбыстар аралыгында, сондай-ақ, дауысты
дыбыстар мен дауыссыз "m" жəне "n" дыбыстары арасында "з" болып
оқылады. Мысалы, septum (сэптум) — перде, перделік; scapula (скапула) —
жауырын; basis (базис) — негіз; plasma (плазма) - плазма; mensio (мензио) —
елшеу.
X х - "кс", ал дауысты дыбыстар аралығында " кз" болып оқылады.
Мысалы, radix (радикс) - тамыр (өсімдікте), түбір, тү-біршік (анатомияда);
apex (апекс) - тебесі, ұшы; exitus (экзитус) — нəтиже.
Z z — грек тілінен шыққан терминдерде "з" болып оқылады. Мысалы,
zygoma (зигома) — бет; zona (зона) — аймақ. Ал баска тілдерден туындаған
терминдерде "ц" болып оқылады. Мысалы, zincum (цинкум) — мырыш.
nqu — сөздердегі əріптер тіркесі "нгв" болып окылады. Мысалы, linqua
(лингва) — тіл; unqis (унгвис) — тырнак,
Достарыңызбен бөлісу: |