Морфология



Pdf көрінісі
бет54/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

жасушааралық  құрылымдар  жасушалардың  тіршілігі  нəтижесінде 

түзілеұлпа  өнімдер.  Бейжасушалық  кұрылымдарға  симпласттар  мен 

синцитийлер жатады. Жануарлар организмінде симпласттарға (грек, sym — 

бірге;  plastos  —  құрылым)  көлденең  жолақты  бұлшық  ет  ұлпасының  ет 

талшықтары 

мен 


іштөлі 

жолдасы 


(плацента) 

беткей 


қабатының 

симпластотрофобласт  құрылымдарын  жатқызады.  Организмде  симпласттар 

екі  турлі  жолмен:  жасуша  цитоплазмасы  бөлінбей,  ал  оның  ядросы  үздіксіз 

бөліну 


арқылы 

көбейіп, 

көпядролы 

құрылымға 

айналуы 

немесе 


жасушалардын  бір-бірімен  қосылып,  шекарасыз  бірігуі  нəтижесінде 

жасушалардан  дамып    жетіледі.  Синцитий  (грек,  syn  —  байланыс,  kytos  — 

жасуша,  клетка)  немесе  жасушалар  байланысы  —  цитоплазмалық 

өсінділері  аркылы  өзара  шекарасыз  байланысқан  жасушалар  топтарының 

құрылымын  айтады  Олар  бір-бірімен  цитоплазмалық  өсінділері  аркылы 

байланыскандықтан,  синцитийде  цитоплазма  барлық  жасушаларға  ортақ. 

Синцитийді аталық жыныс безіңде жүреұлпа сперматогенез процесі кезіндегі 

сперматогониялардан  байқауға  болады.  Жасушааралық  кұрылымды 

(жасушааралык затты) дəнекер ұлпасындағы белоктық талшықтар (коллаген, 

эластин,  аргирофилді)  жəне  дəнекер  ұлпаларындағы  жасушалар  мен 

талшықты  құрылымдарды  бір-бірімен  өзара  байланыстырып  тұратын 

пішінсіз (аморфты) негізгі зат құрайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет