Морфология



Pdf көрінісі
бет513/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   1132
Терінің маңызы. Tepi (cutis) дененің сыртқы қабығы ретінде өзіне тəн 

өткізгіштік  қасиетімен  жəне  тамырлар  мен  жүйкелердің  жақсы  жетілуіне 

байланысты,  организмді  сыртқы  ортадан  бөліп,  оның  ішкі  ортасының 

түзілуіне  толық  жағдай  тудырады.  Сондай-ақ,  ол  жүйке  жүйесінің 

рецепторлы  /сезімтал/  алаңы  ретінде  организмді  қоршаған  сыртқы  ортамен 

байланыстырады.  Tepi  көптеген  сезімтал  жүйке  ұштары  мен  биологиялық 

белсенді  нүктелері  арқылы  жарық,  жылу,  суық,  сипап  сезу,  механикалық 

ауырту  т.б.  тітіркеністерді  қабылдап,  əмбебап  сезім  мүшесі  қызметін 

атқарады. Сезім мүшесі ретіңце ол қорғаныс қызметіне де тікелей қатысады. 

Тері  жабыны  денені  механикалық,  физикалық  жəне  химиялық 

зақымданудан  сақтайды.  Оның  сыртқы  бетінің  қалыпты  жағдайдағы  Рһ  — 

реакциясы  қышқылдық  орта  (3,2  -  5,  2).  Бұл  орта  ауру  тудырушы 

микробтардың  өніп-өсуіне  қолайсыз.  Тері  микроорганизмдер  мен  əр  түрлі 

бөгде  заттардың  денеге  енуіне  жол  бермейді.  Ол  дене  құрамындағы  судың 

шамадан  тыс  буланбауын  да  қамтамасыз  етеді.  Жылы  қанды  жануарлардың 

тері  жабыны  дене  қызуын  (температурасын)  реттеуге  белсенді  қатысады, 

яғни  ол  дененің  қызуын  тұрақты  бір  деңгейде  ұстап  жəне  реттеп  отырады. 

Терінің  аталмыш  қызметі,  оның  ыдырау  өнімдерін  тер  арқылы  сыртқа 

шығару  қызметімен  тікелей  байланысты.  Тер  құрамында  белоктық  зат 

алмасудың  ыдырау  өнімдері,  ұлы  заттар,  зат  алмасудың  аралық  өнімдері, 

артық  тұздар  мен  су  болады.  Демек,  тері  жабыны  денедегі  зат  алмасу 

процестеріне үлкен белсенділікпен ат салысады. 




243 

 

Тері  жабыны  —  тұзуші  мүше.  Теріде  тері  майы  жəне  мүйіз  түзіледі, 



қанның,  майдың,  судың,  ас  тұзының  артық  қорлары  сақталады,  аз  да  болса 

тыныс  алуға  (1-2%)  қатысады.  Көптеген  ферменттердің  (70  -ке  жақын) 

қатысуымен  тері  эндокриндік  қызметті  де  атқарады.  Сонымен  қатар,  ол 

жұқпалы  ауруларға  қарсы  иммунды-биологиялық  қорғаныс  процестеріне 

тікелей  ат  салысады.  Мал  дəрігерлік  жұмыстарды  жүргізуде  жануарлар 

терілерінің  алатын  орны  ерекше.  Біріншіден,  жануарлар  ауруларының 

көптеген түрлерін теріге əр түрлі реакциялар қою арқылы анықтауға /диагноз 

қоюға/ болады. Ал, екіншіден, мал дəрігерлік емдеу жұмыстарының көптеген 

түрлері  терімен  тікелей  байланысты.  Ортаның  маусымдық  өзгерістері  де 

жануарлар  тері  түктерінің  əр  түрлі  деңгейде  түлеуіне,  тері  қабаттары 

қалыңдығының  өзгеруіне  əкеліп  соқтырады.  Теріде  мүйізі  зат  –  кератин, 

коллаген жəне эластин белоктары  /ақзаттары/, меланин пигменті, тері майы, 

тер түзеледі. 

Жануарлар  терілері  өте  бағалы  шикізат.  Өндеуден  өткен  жануарлар 

терілеріне  бағалы тондар, былғары дайындалады. Тері түктеріне жүн, түбіт, 

қыл  қыркылады.  Жүннен  жəне  түбеттен  қымбат  кездемелер  мен  тоқымалар 

токылады.  Қылдан əр  түрлі шаруашылық бұйымдары, қылшық  жүннен  киіз, 

үй  киіздері,  текемет,  сырмақ,  кілем,  алаша,  үй  жəне  ер-тұрман  əбзелдері 

дайындалады. Мүйізден жəне мүйіз тұяктардан бағалы түймелер, тарақтар əр 

түрлі үй жиһаздары, ер-тұрман əшекейлері жасалынады. Жүн шайырынан əр 

түрлі  шипалық  сықпа  майларды  дайындауға  пайдаланылатын  зат  -  ланолин 

бөлшш алынады. Қаракөл қозыларынан бағалы елтірілер дайындалады. 



Тері туындысы сүт безінен (желіннен) алынатын сүттен əр түрлі тамақ 

өнімдері (ірімшік, қаймақ, балқаймақ, балмұздақ, құрт, қымыз, айран, шүбат 

т.б.) өндіріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   509   510   511   512   513   514   515   516   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет