Морфология


 — сурет. Терінің гистологиялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет515/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   1132
122 — сурет. Терінің гистологиялық құрылысы 

1 — эпидермис, 2 — тері, 3 — дерма (нагыз тері), 4 — шел қабаты, 5 — түк сабағы, 6 

— түк қабының (фолликулының) шұңқыры, 7 — түк түбірі, 8 - тер безінің өзегі, 9 — май 

безі, 10 — түк көтергіш ет, 11 - түк фолликулы (тұк қабы), 12 - тер безі, 

13 - түк баданасы, 14 - түк емізікшесі, 15 - теріасты венасы, 16 ~ шелдегі май қабаты. 

 



244 

 

Терінің  құрылысы.  Тері  құрылысы  жағынан  қабатты  мүше,  Ол  үш 

қабаттан:  теріүсті  қабаттан  (эпидермистен),  дермадан  (нағыз  теріден)  жəне 

теріасты қабаттан (шел қабатынан) тұрады. 



Эпидермис  (epidermis)  —  терінің  сыртқы  ең  жұқа  теріүсті  қабаты.  Ол 

жануарлар  терісі  қалындығының  1-2%  -ын  құрайды.  Эпидермис  көпқабатты 

жалпақ мүйізделетін эпителийден тұрады. Эпидеристің қалыңдығы, құрылыс 

ерекшеліктері  жануарлардың  түрлеріне,  тұқымдарына,  жыл  мерзімдеріне, 

терідегі  түктің  болу-болмауына  тікелей  байланысты.  Эпидермисте  қан 

тамырлары  болмайды.  Ол  астындағы  дерманың  емізікше  қабатындағы  қан 

капиллярлары  арқылы  қоректенеді.  Эпидермис  сезімтал  жүйке  ұштарына 

бай. Түксіз тері эпидермисінде, мысалы, мұрын, ерін қаңсарларының теріүсті 

қабатында бір-бірінен  анық ажырайтын  бес  қабат болады. Оларға:  төменнен 

жоғарыға қарай негіздік (базальды), қылтанақгы, дəншелі, жылтырауық жəне 

мүйізді қабаттар жатады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   511   512   513   514   515   516   517   518   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет