Морфология


Дерма  (derma)  немесе  нағыз  тері  қабаты



Pdf көрінісі
бет520/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   1132
Дерма  (derma)  немесе  нағыз  тері  қабаты  (согішп)  терінің  ең  қалың 

қабаты  (98-99%).  Ол  өз  кезегінде  сыртқы  емізікше  жəне  ішкі  торлы 

қабаттардан құралған. 

Емізікше  қабат  (stratum  papillare)  эпидермистің  астындағы  көптеген 

емізікше тəрізді құрылымдар түзетін борпылдақ дəнекер ұлпалық қабат. Оны 

эпидермистің  базальды  қабатынан  негіздік  жарғақ  (membrana  basalis)  бөліп 

тұрады.  Бұл  қабатты  борпылдақ  дəнекер  ұлпасы  коллаген  талшықтарының 

жіңішке 

шоғырлары, 

теріге 

серпімділік 

қасиет 

беретін 


эластин 

талшықтарының  торы,  ретикулин  талшықтары  жəне  борпылдақ  дəнекер 

ұлпасының  жасушалары:  фиброциттер,  гистиоциттер,  ретикулоциттер,  ұлпа 

базофилі  құрайды.  Ол  эпидермистің  ішіне  еніп,  пішіні  əр  түрлі  емізікшелер 

түзеді.  Қабаттың  емізікше  аталуы  да  осыған  байланысты.  Бұл  қабатта  қан 

жəне  лимфа  тамырларының  өрімдері  мен  тораптары  көптеп  кездеседі. 

Сондықтан,  бұл  қабатты  қоректердіргіш  қабат  —  деп  атайды.  Жүнді, 

түбітті  көп  беретін  қой,  ешкі  тұқымдары  терісінде  емізікше  қабат  қалың 

болып келеді. Демек, емізікше қабат терінің құрылымдық процесіне белсенді 

қатысады. Емізікще қабат шекарасыз торлы қабатпен жалғасып кетеді. 



Торлы қабат (stratum reticulare) бір-бірімен торлана тоқылған коллаген 

талшықтарының  шоғырлары  будаларынан  жəне  олардың  арасындағы 

серпімділік  қасиет  беретін  эластин  талшықтарынан  құралган,  тыгыз 

қалыптаспаған дəнекер ұлпасынан тұрады. Бұл қабаттың 98-99% -ы əр түрлі 

бағытта  орналасып,  бір-бірімен  ілмектеніп  торланып,  берік  тор  түзетін 

коллаген  талшықтарының  шоғырлары  құрайды.  Талшықтар  шоғырларының 

қалыңдығы,  олардың  тоқылу  түрлері  мен  пішіні  жануарлардың  түрлеріне, 

тұқымына жəне дене аймақтарына байланысты болып келеді. 

Дермада  терідегі  тері  туындылары  май  жəне  тер  бездері  мен  түк 

түбірлері болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   516   517   518   519   520   521   522   523   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет