Морфология


Сүт  безінің  гастологиялық  құрылысы



Pdf көрінісі
бет529/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   1132
Сүт  безінің  гастологиялық  құрылысы.  Сүт  безі  құрылысы  жағынан 

күрделі  тарамдалған  түтікше-көпіршікше  бездерге  жатады.  Сүт  безі 



паренхимасын  эпителий  ұлпасынан  құралған  секреторлы  соңғы  бөлімдер 

мен  күрделі  тарамдалған  шығару  өзектері  түзеді.  Ал  оның  стромасын 

паренхиманының  аралықтарындағы  қан  жəне  лимфа  тамырлары  мен 

жүйкелер өтетін дəнекер ұлпалық аралықтар мен сүт безі қапшығы құрайды. 

Сүт безін сыртынан қаптайтын дəнекер ұлпалық қапшықтан без ішіне қарай 

тарамдала  енген  май  жасушаларына  бай  дəнекер  ұлпалық  аралықтар 

(перделіктер)  паренхиманы  көптеген  бөлікшелерге  бөледі.  Бөлікшелер  өз 

кезегінде  158-226  сүт  көпіршіктерінен  (альвеолаларынан),  соңғы  шығару 

өзектерінен 

жəне 


оларды 

байланыстырып 

біріктіріп 

тұратын 


қан 

капиллярларына  бай  борпылдақ  дəнекер  ұлпасынан  құралған.  Сүт 

тамшыларын бөлетін сүт альвеолаларының қабырғасы бірқабат текше (куб) 

тəрізді  безді  эпителиоциттерден  (лактоциттер)  тұрады.  Сүттену  кезінде 

альвеола  қабырғасындағы  лактоциттердің  биіктігі  өсіп,  призма  тəрізді  безді 

жасушаларға 

айналады. 

Лактоциттердің 

цитоплазмасындағы 

сүт 


тамшыларын  түзуге  қатысатын  органеллалар,  олардың  ішінде,  əсіресе, 

гранулалы  жəне  агранулалы  эндоплазмалық      тор,        Гольдж      кешені,   

микротүтікшелер  мен  микрожіпшелер  жақсы  жетілген.  Лактоциттердің 

апикальды  ұшында  микробүрлер  болады.  Сүт  тамшылары  безді 

эпителиоциттердің  альвеола  қуысына  қараған  апикальды  ұшында  жиналып, 

жасуша цитоплазмасынан плазмолеммамен бірге үзілу арқылы түзіледі, яғни 

сүт 

тамшылары 



безді 

жасушалар 

бүтіндігінің 

жартылай 

бүзылуы 

нəтижесінде апокринді жолмен бөлінеді. Сүттің құрамына кіретін заттардың 

барлығы  (козеин  белогі,  лактоза,  май  тамшылары,  иммунды  глобулиндер, 

витаминдер,  түздар  т.б.)  сүт  тамшысынен  бірге  бөлінеді.  Сүт  альвеолалары 

сыртынан жиырылу қызметін атқаратын себет тəрізді миоэпителиоциттермен 



253 

 

шырмала қапталған. Альвеола қуысы сүтке толған кезде, миоэпителиоциттер 



рефлекторлы жиырылып, сүтті сүт түтікшелеріне айдайды. Сүт түтікшелері 

бір-бірімен  қосылып,  сүт  өзекшелерін  құрайды.  Сүт  түтікшелері  мен  сүт 

өзекшелерінің  қабырғалары  да,  бірқабатты  текше  тəрізді  эпителийден 

тұрады.  Олар  альвеолалармен  бірге  бірігіп,  бөлікшелерді  құрайды.  Аталған 

түтікшелер  мен  өзекшелер  сыртынан  миоэпителиоциттермен  қапталған.  Сүт 

өзекшелері бір-бірімен қосылып, сүт өзектерін түзеді. Бұлардың қабырғалары 

бірқабатты призма тəрізді эпителиймен, ал өте ірі өзектердің қабырғалары екі 

қабатты  эпителиймен  астарланған.  Ірі  өзектерді  сыртқы  жағынан  бірыңғай 

салалы  ет  ұлпасының  қабаты  каптап  жатады.  Сүт  өзектері  болікшелер  

аралық  дəнекер  ұлпалық  аралықта  орналасады.  Сүт  өзектнрі  сүт 

цистернасына  ашылады.  Сүт  цистернасының  кілегейлі  қабығы  екі  қабатты 

призма 


тəрізді 

эпителий 

астарлайды. 

Сүт 


безі 

паренхимасы 

кұрылымдарының  (альвеолалар,  сүт  түтікшелері,  сүт  өзекшелері,  сүт 

өзектері)  эпителий  кабаттарынын  астындағы  өзіндік  тақташа  борпылдақ   

дəнекер ұлпасынан тұрады. Сүт өзегінің кілегейлі қабығы үш қабаттан: ішкі 

эпителий  жəне  миоэпителий  қабыттарынан,  олардың  сыртындағы  өзіндік 

тақташадан  құралған.  Кілегейлі  қабықты  сыртынан  жиырылу  қызметін 

атқаратын  бірыңғай  салалы  ет  қабаты  қоршап,  қаптап  жатады.  Сүт 

цистернасында  жиналып,  емшек  өзегі  жəне  оның  үрпі  арқылы  сыртқы 

шығарылады.  Емшек  өзегінің  ішкі  беті  көпқабатты  жалпақ  эпителиймен 

астарланған.  Оның  астында  борпылдақ  дəнекер  ұлпалық  өзіндік  такташа 

жатады. Емшек қабырғасының ортаңғы бірыңғай салалы ет ұлпалық қабығы 

төрт  қабаттан тұрады. Олар: шла ұзынша қабат, оның сыртындағы сакинаша 

қабат, одан  кейінгі үшінші  аралас  қабат  жəне  сырткы  радиальды  кабат.  Етті 

қабықтың  сақинаша  кабаты  емшек  үрпінің  кыскыш  етінің  (сфинкгерінің) 

қызметін  аткарады.  Ол  жиырылып  емшек  үрпін  қысып,  сүтті  ұстап  тұрады. 

Емшектің сыртқы қабығы — тері. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   525   526   527   528   529   530   531   532   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет