Морфология


безінің  гистологиялық  құрылысы



Pdf көрінісі
бет592/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   1132
безінің  гистологиялық  құрылысы.  Құлақтүбі  сілекей  безі  күрделі 

көпіршікше  (алвеолалы)  без.  Сілекейінің  құрамына  байланысты  сірлі 

(белокты)  бездерге  жатады.  Бездің  соңғы  бөлімі  —  сірлі  ацинусының 

қабырғасын  пішіні  конусқа  ұқсас,  бір  қабатта  орналасқан  эпителий 

жасушалары  —  сероциттер  құрайды.  Олардың  дөңгелек  келген  ядролары 

қызғылт түске боялған цитоплазмасының орталығында, негіздік жарғаққа сəл 

жақындау  орналасады.  Ацинус  сыртынан  пішіні  себет  тəрізді  миоэпителий 

жасушаларымен  қапталған.  Тым  жіңішке  келген  ацинус  қуысы  соңғы 

бөлімнен  тар  қуысты  ендірме  өзегіне  өтеді.  Қабырғасы  бір  қабат  жалпақ 

эпителийден  құралған  ендірме  өзегі  сыртынан  миоэпителиоциттермен 

қапталған. Ендірме өзектері бір-бірімен қосылып, арнасы кең жолақты өзекке 

ауысады.  Жолақты  өзектің  қабырғасын  бір  қабат  призма  тəрізді 

эпителиоциттер  құрайды.  Эпителиоциттердің  негіздік  жарғаққа  жақын 

жатқан 

цитоплазма 

бөлігінде  плазмолемма  қатпарларынан 

түзілген 

жолақтары,  ал  олардың  апикальды  ұшында  микробүрлер  болады.  Жолақты 

өзектер  де  сыртынан  миоэпителиоциттермен  қапталган.  Сілекей  безінің 

бөлікшелерін  борпылдақ  дəнекер  ұлпалық  аралықтар  арқылы  байланысып 

тұрған:  соңғы  бөлімдер,  ендірме  өзекшелер  мен  жолақты  өзектер  құрайды. 

Бөлікшелер  аралық  дəнекер  ұлпалық  аралықтарда  жолақты  өзектерден 

түзілген  ірі  шығару  өзектері  орналасады.  Олардың  қабырғалары  бездер 

шығару  өзектерінің  диаметріне

 

байланысты  бірқабатты  көпқатарлы  немесе 



екіқабатты  эпителий  ұлпасы  құрайды.  Бездің  негізгі  шығару  өзегін 

көпқабатты  жалпақ  эпителий  астарлайды.  Ол  сыртынан  тығыз  дəнекер 

ұлпалық қабатпен қапталғаң 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   588   589   590   591   592   593   594   595   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет