Морфология


Төменгі жақ (алқым) безінің гистологиялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет593/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   1132
Төменгі жақ (алқым) безінің гистологиялық құрылысы. Төменгі жак 

сілекей  безі  құрылысына  байланысты  күрделі  көпіршікше  түтікще  бездерге, 

ал  сілекейінің  құрамы  жағынан  сірлі-кілегейлі  бездерге  жатады  Бездің 

бөлікшелерін  құрылысы  жағынан  үш  түрлі,  соңғы  бөліщер  ендірме 

өзекшелер  мен  жолақты  шығару  өзектері  құрайды.  Бездің  сілекей  бөлетін 



280 

 

соңғы  бөлімдері  —  ацинустары  құрылысы  жағынан  үш  тұрлі  болып  келеді. 



Сірлі ацинустың құрылысы құлақ түбі безіндегі ацинус құрылысына ұқсас. 

Сан  жағынан  шамалы  сірлі  ацинустармен  қатар  без  бөлікшелерін  көптеген 

кілегейлі  жəне  кілегейлі-сірлі  (аралас)  ацинустар  құрайды.  Кілегейлі 

ацинустың  қабырғасын  бір  кабатта  орналасқан,  пішіні  призма  тəріздес 

ақшыл  базофилді  боялған  ірі  безді  эпителиоциттер  (гландулоциттер) 

құрайды.  Кілегейлі  гландулоцйттер  кілегей  бөледі.  Сондықтан,  бұл 

жасушаларды  мукоциттер  —  деп  атайды.  Мукоциттердің  таякща  келген 

ядролары  цитоплазманың  негіздік  жарғақ  жағына  жақын  жатады. 

Цитоплазмасында  аздаған  көпіршіктер  кездеседі.  Аралас  ацинустардың 

негізін  кілегейлі  соңғы  бөлімдер  құрайды.  Ал  сероциттерден  құралған  сірлі 

соңғы бөлімдер, пішіні жарты айға ұқсап, кілегейлі соңғы бөлімді сыртынан 

қоршап  жатады.  Бұларды  "Сірлі  жарты  ай"  —  деп  атайды.  Шығару 

өзектерінің құрылысы шықшыт безі шығару өзектеріне ұқсас. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   589   590   591   592   593   594   595   596   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет