Морфология



Pdf көрінісі
бет599/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   1132
жұтқыншақ  бұлшық  еті  (ш.  cricopharyngeus)  жатады.  Жұтқыншақтың 

ортаңғы  жəне  каудальды  тарылтқыш  қысқыш  бұлшық  еттері  өнделіп 

жұтылуға арналған азықты өңешке қарай жылжытуға көмектеседі. 

 

Жұтқыншакқтың кеңейткіш бұлшық еті 



 

1.Каудальды без-жұтқыншақ бұлшық еті (m. stylopharyngeus) тіласты 

сүйектің  ортаңғы  бунағының  медиальды  бетінен  басталып,  көмекейдің 




282 

 

қалқанша  шеміршегінде  аяқталады.  Бұлшық  еттің  негізгі  қызметі  жүту 



кезінде жұтқыншақтың артқы бөлігін кеңейтіп, аңқаны тарылтады. 

Өңеш құрылысындағы ерекшеліктер. Жылқыда есту түтігінің тесігі 

ұзын  келеді.  Ол  хоана  тесіктері  қабырғасына  жақын  орналасады.  Оның 

медиальды  қабырғасында  шеміршек  пластинкалары  мен  түтік  бадамшалары 

болады.  Күйіс  қайтаратын  жануарлар  хоаналары  екі  бүйірінен  сығыңқы 

келеді.  Есту  түтігінің  жұтқыншақ  тесігі  онша  үлкен  емес.  Шошқада 

жұтқыншақтың  өңешке  өтер  бөлігінің  жоғарғы  жағында  жұтқыншақ 



қалтасы (recessus retropharyngeus) болады. 

Жұтқыншақтың  сыртқы  адвентиция  қабығы  борпылдақ  дəнекер 

ұлпасынан тұрады. 

Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында жұтқыншақ бездері (gl. pharyngeae) 

жəне  лимфа  фолликулдары  орналасқан.  Лимфафолликулы  жұтқыншақтың 

артқы жағында жұтқыншақбадамшасын (tonsilla pharyngeae) түзеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет